Салиқалы, салмақты, тұла бойына ілім-білімнің нәрі сіңген атақты ғалым ақырын басып, аудиторияға кірді. Өзін күтіп отырған шәкірттеріне көзілдірігінің үстінен асықпай-аптықпай барлай қарап алды да: «Біз бүгін уақытты орналастыру жөнінде сабақ өтеміз» деді де, сөмкесінен үлкен шыны ыдысты еппен алып шығып, еппен үстелдің үстіне қойды.
Шәкірттер уақыт пен шыны ыдыстың қандай қатысы барын білмей аң-таң. Барлығы ғалымның әрекетіне көз тайдырмай қадалып қалған. Ұстаз үстел астынан жұдырықтай кесек-кесек тастарды алып ыдысқа салып, әбден толтырды. Шәкірттеріне қарап: «Қалай ойлайсыңдар, ыдыс толды ма?» деді. Олар: «Иә толды, толды» деп шу етті.
Оқымысты ұстаз басын шайқап, үстелдің астынан уыс-уыс ұсақ тастар алып шығып, шыныға сала бастады. Ұсақ тастар үлкен тастардың арасындағы бос кеңістікке қарай ығысуда. Әбден толғаннан кейін жоғарыдағы сұрақты қайталады. Ыдыстың толғанына көздері анық жеткен оқушылар алдыңғы жауаптарын қайталады. Ұстаз риясыз жымиып қойып, арнайы дорбаға салынған сырғыма құмды алып шығып, тас толтырылған шыны ыдысқа судырата құйды. Әбден нығыздап болып, топырақ толған ыдысты нұсқап, көпшіліктен «енді толды ма?» деп сұрады. Шәкірттер үнсіз, ойланып қалды. Сол сәтте бір шәкірт «толған жоқ» деп еді. Ұстаз: «Әрине, дұрыс айтасыз, толған жоқ» деп қолына ожау алды да, оған су толтырып шыны ыдысқа сыздықтата құйды. Ыдыстағы құм мен тасқа су сіңіп, әбден мөлтілдеп толды.
Ғалым баяғыдай көпшілікке қарап: «Енді толды ма?» деп сұрады. Шәкірттер болса әлі де сұраулы жүзбен аңтарыла қарап отыр. Ұстаз: «ыдыс толды балалар, бұдан қандай ғибрат алдыңдар, кім не айтады?» деп, ортаға сұрақ тастады да, айналып барып орнына отырды. Шәкірттер үнсіз.
– Мына шыны ыдыс сендердің ғұмырларың, ол уақытпен өлшенеді, – деді ақ басты профессор. – Адамның уақыты шектеулі, сондықтан сендер уақыт-ыдыстарыңа алдымен үлкен тастарды орналастырыңдар, егер ұсақ тастар бірінші кіріп кетсе үлкен тас сыймай қалады. Үлкен тас дегеніміз – адамгершілік тәрбиең. Ұсақ тастар – жинаған ілім-білімің. Құм мен су – күнделікті қажеттіліктер. Сондықтан ғұмырларыңды ең әуелі, адами, имани тәрбиеге толтырыңдар. Егер құнды тәрбиенің орнын пайдасыз ілім-білім басып кетсе, онда ыдысыңды ұсақ тастарға толтырып алғаның, үлкен тас сыймай қалады. Осыдан сақ болыңдар, деп ұстаз сөзін аяқтады.
Біз жоғарыдағы тәмсілден не түсінеміз? Адамдар өмірлік қажеттіліктерін ескере отырып, уақытты орналастыруды біле бермейді. Аталған тақырып бойынша арнайы зерттеу жүргізген америкалық профессор Терезе Макан жетістікке жетудің кілті «уақытты дұрыс орналастыру, яғни жоспарлау» екендігіне көз жеткізген. Қысқасын айтқанда, жетістіктің кілті – ең маңызды ісіңді және оны қалай жүзеге асыру жолдарын білуде екен.
Мысалы, ХІ ғасырда өмір сүріп, 45 жасында дүние салған үлкен ғалым Мұхидин Науаи уақытын тиімді пайдалана алуының нәтижесінде, артында бес жүз томға жуық құнды еңбек жазып кетті. Ол кітап жазуға уақыт табу үшін әр минутын тиімді пайдаланудың жолын іздеген. Ғұламаның күніне бір-ақ рет тамақ жегендігі, жолда кетіп бара жатқанда да пайдалы істермен айналысқандығы айтылады. Ғұмырдың ұзақтығы – көп жыл өмір сүрумен емес, қысқа болса да тиімді пайдаланып, дұрыс нәрселерге жұмсаумен өлшенеді. Ал бос нәрсемен өткен ұзақ ғұмыр – жоғалған көп уақыт қана.
Сол сияқты қазақ қаламгері жазушы Ілияс Есенберлин өзінің «Қатерлі өткел» атты кітабында, жиырма екі жастағы Эрнест Галуа басының кесілуіне қалған 13 сағат уақытын бүкіл дүние жүзіне әйгілі «Галуа қатары» атты математикалық еңбегіне жұмсаған.
Ал қазіргі таңда адамдардың уақытын смартфон ұрлап жатыр. Мысалы, танымал әлеуметтанушы Онур Карапинар 2020 жылы жарық көрген «Маленькие привычки, большие успехи» атты кітабында, бүгінгі таңда смартфонды орташа қолданатын адамның өзі оны күніне 261 дүркін, ал көбірек қолданатындары 540 дүркін түртеді екен. Apple компаниясы Айфонды белсенді қолданушылар күніне 80 рет, сағатына 7-8 рет қарайтынын растаған. Күндіз-түні әлеуметтік желіде телефон шұқылап, одан қалса теледидардың алдында телміріп отырып, арзан қалжың, бітпейтін мәні жоқ сериалдар тамашалаумен бар ғұмырын өткізіп жатқандар қаншама?!
«Анталия-Ташкент» рейсінің жолаушылары ұшақ бортында төбелесті
Оқиға • Бүгін, 14:12
Павлодар облысында ауыл тұрғынынан алкоголь тәркіленді
Оқиға • Бүгін, 14:01
Президент Армения премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 13:55
Қазақстандық зілтеміршілер Ислам ойындарында 10 медаль иеленді
Ауыр атлетика • Бүгін, 13:38
Головкин Канеломен жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Бокс • Бүгін, 13:14
СҚО-да жеті айда 129 интернет-алаяқтық тіркелді
Қоғам • Бүгін, 12:53
Емханаларда көрсетілетін консультация-диагностика қызметтерінің саны артты
Медицина • Бүгін, 12:47
Жамбыл облысында героин сатқан тұрғын ұсталды
Оқиға • Бүгін, 12:33
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 12:26
Елорда әкімі мердігерге ЖЭО-3 құрылысын аяқтауды тапсырды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Қарағанды мешітінде ұрлық жасаған жас жігіт ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:05
Елордалық бес кикбоксер Ислам ойындарының финалына шықты
Елорда • Бүгін, 11:52
Қызылордада ірі есірткі алқабы жойылды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жаңа төрағасы таныстырылды
Қазақстан • Бүгін, 11:34
Елордада кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
Елорда • Бүгін, 11:28
Магистратураға түсуге 17 мың талапкер өтініш берді
Білім • Бүгін, 11:18
Алматыда көпқабатты үйден әйел құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:07
Дизельді заңсыз тасымалдаған қызылордалық сотталды
Аймақтар • Бүгін, 11:00
Қоғам • Бүгін, 10:53
Бірқатар өңірде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:40
Нұр-Сұлтан дәріханаларында есірткі сатылып келген
Елорда • Бүгін, 10:34
Коронавирус жұқтырған 37 науқастың жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 10:27
Өскеменде жоғалып кеткен әйел табылмай жатыр
Оқиға • Бүгін, 10:15
Қытайда аптап ыстыққа байланысты қауіптің қызыл деңгейі жарияланды
Әлем • Бүгін, 10:02
Мемлекет басшысы Сингапурға ресми сапармен барады
Қазақстан • Бүгін, 09:47
Юлия Путинцева Цинциннати турнирінде жеңіліп қалды
Теннис • Бүгін, 09:35
17 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:23
Ішкі істер министрлігіне қарасты ЖОО басшылары жауапқа тартылды
Қазақстан • Бүгін, 09:17
Ерлан Ыдырысов қызметінен босатылды
Президент • Бүгін, 09:03
Елімізде тағы 1 104 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Спорт • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:38
Спорт • Бүгін, 08:35
Өнер • Бүгін, 08:33
Таным • Бүгін, 08:30
Жұқпалы індеттен абай болған абзал
Медицина • Бүгін, 08:28
Қаржы • Бүгін, 08:25
Қос ауданда өткен азаматтық қабылдау
Саясат • Бүгін, 08:23
Мемлекеттік сыйлық: Үміткерлер іріктелді
Қазақстан • Бүгін, 08:21
Саясат • Бүгін, 08:20
Ұқсас жаңалықтар