Футбол • 16 Ақпан, 2022

Қазақстандық футболшы «Реалды» жеңген командаға ауысты

576 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының шабуылшысы Данил Анкудинов молдовалық «Шериф» футбол клубына ауысты, деп хабарлайды Egemen.kz sports.ru-ға сілтеме жасап.

Қазақстандық футболшы «Реалды» жеңген командаға ауысты

2003 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген футболшы соңғы кездері мәскеулік «Родина» командасының қосалқы құрамында ойнаған болатын. «Шериф» сапында жолдастық кездесулерге қатысқан ол екі мәрте мергендігімен көзге түскен еді. Молдовалық команда чемпиондар лигасының топтық кезеңінде испаниялық «Реал» футбол клубын сырт алаңда жеңіп, сенсация жасаған болатын.