Әлем • 07 Наурыз, 2022

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 130 доллардан асты

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Brent маркалы мұнай бағасы 7 наурызда барреліне 130 доллардан асты. Бұл 2012 жылғы көрсеткіштен жоғары, - деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап. 

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 130 доллардан асты

Астана уақыты бойынша, 05.59-дағы жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың мамыр фьючерстерінің бағасы барреліне 130,1 долларға дейін өсті, бұл шамамен 9 пайызға жоғары.

WTI сәуір фьючерстері дүйсенбіде 9,68 пайызға - 126,12 долларға дейін қымбаттады.

Бұған дейін Brent мұнайының максимал бағасы 2008 жылы тіркелген болатын: барреліне 143 доллардан асқан еді.