«Елеулі зақымдарды ескере отырып, Алматы әкімдігі мен «Қазақстан» ТРК ғимараттарын реконструкциялау 2022 жылдың қазан айында аяқталады деп жоспарлануда», деді Роман Скляр.
Оның айтуынша, тәртіпсіздік барысында 1 630 ШОБ субъектісінің мүлкі зардап шегіп, келтірілген шығын сомасы 38,6 млрд теңгені құрады. Тиісті төлемдер Үкіметтің резервінен, сондай-ақ жеке қорлардан төленеді.
11 наурыздағы жағдай бойынша өңірлік комиссиялар 1 630-дан 1 192 өтінімді мақұлдады. Қалған кәсіпкерлер бағалау рәсімдері аяқталғаннан кейін өтем алады.
Сонымен қатар барлық ШОБ субъектілеріне қолдау көрсетілді:
- мемлекеттік мүлікті жалдау ақысынан босату;
- жеке және заңды тұлғалардың қарыздары бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсыну;
- қарыз алушылар бойынша талап-арыз жұмыстарын және мерзімі өткен берешекті өтеу қажеттілігі туралы қарыз алушының хабарламаларын тоқтата тұру;
- салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімдерінің өзгеруі;
- Мемлекеттік кіріс органдары бастаған және бастамашылық жасаған салықтық және кедендік тексерулерді тоқтата тұру және камералдық бақылау бойынша хабарламаларды ұсынбау.