Тек жағдай террорлық және аса қауіпті қылмыстық сипат алғанда, өртеу, адам өміріне қауіп төндіріп, мүлікке залал келтіріп, әлеуметтік қауіп тудырғанда қару қолдануға заңды және құқықтық негіз пайда болды.
Қаңтар оқиғасы үш кезеңге бөлінгені айтылды: Біріншіден, оқиға бейбіт шерумен басталған, кейін бұл толқулар қарулы экстремистердің келуімен радикалды сипат алып, соңында топқа криминал қосылып ахуал ушығып кеткен. Ұйымдастырушылардың түпкі мақсаты елдегі билікті күшпен басып алу болды.
Баяндамада Бас прокуратураның арнайы прокурорлары басқаратын ведомствоаралық жедел-тергеу топтары құрған қылмыстық істер бойынша іс жүргізу жұмыстары келтірген статистикасы маңызды орын алды.
Бұл қайғылы жағдай оған қатысы жоқ адамдарға, жазықсыз жандарға да әсер етті: атыс кезінде 20 адам кездейсоқ қаза болды. Оның 11-і – Алматы қаласында, 8-і – Алматы облысында, біреуі – Таразда. Бұл ұлттық қасіреттің қорытындысын ел соттары шығара жатар, ал біз оқиғаның болашақта қайталанбауы үшін оның салдарына оралып отыратынымыз анық.
Марат ҚОҒАМОВ,
заң ғылымдарының докторы, профессор