01 Сәуір, 2014

Атырауда балықшылар алып балық ұстады

669 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
01-04-AtirayАтырау облысындағы «Амангелді» өндірістік кооперативінің балықшылары Жайық өзенінен ұзындығы 2 метрге жуық, салмағы 150 кило тартатын қорытпа аналығын ұстады. Бұл туралы Munara.kz хабарлады. Қорытпа – қызыл балық тұқымдасына жататын балықтың бір түрі. Оның ұзындығы 424 сантиметрге, салмағы 1 тоннаға дейін жететін көрінеді. Бұл балық  Каспий, Адриат теңіздерінде, Қара теңізде және оларға құятын өзендерде болады. Дерекке жүгінсек,  қорытпа балықтар шамамен бес жылда бір-ақ рет уылдырық шашады. Ал сақа қорытпалар нағыз жыртқыштар болып есептеледі. Балықшылар қорытпадан 18-20 кило қара уылдырық алынатынын айтты. Қара базарда уылдырықтың бір килосы  200 000 теңгеден бағаланатынын ескерсек, осы жолы балықшылардың қолына түскен қорытпа уылдырығының жалпы құны 25 000 АҚШ долларына жуықтайды екен. Мамандар уылдырықты шабаққа айналдырып, оны алдағы шілде айында өзенге жіберетін болады. Әмірхан Алмағанбетов. Дереккөз: Munara.kz. Фото: Munara.kz.