Футбол • 17 Наурыз, 2022

Тухель Зиданның рекордын жаңартты

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбританиялық «Челси» футбол клубының бас бапкері Томас Тухель чемпиондар лигасындағы алғашқы елу ойыннан кейінгі нәтиже бойынша француз маманы Зинедин Зиданның рекордын жаңалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тухель Зиданның рекордын жаңартты

Бұған дейін Испанияның «Реал» футбол клубын жаттықтырған Зинедин Зидан бас бапкер ретінде алғашқы елу кездесудің отыз бірінде жеңіске жеткен болатын. Чемпиондар лигасының 1/8 финалының қарымта кездесуінде франциялық «Лилль» командасын сырт алаңда 2:1 есебімен жеңген «Челси» футболшылары жоғарыдағы көрсеткіш бойынша Томас Тухельді рекордсмен атандырды. Иә, Тухель бас бапкер ретінде алғашқы елу кездесудің отыз екісінде жеңіс тойын тойлады.