Аймақтар • 19 Наурыз, 2022

Полицейлер заңсыз сақталған қаруларды тәркіледі

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраулық полицейлер әбжілдік танытып, заңсыз сақталған қаруларды тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полицейлер заңсыз сақталған қаруларды тәркіледі

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

«Бізге түскен ақпаратқа сәйкес, полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, 2 қару тапты. Енді ҚР Қылмыстық кодексінің 287 бабының 2 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек 1999 жылы дүниеге келген жігіт Жайық өзенінің жағасынан тауып алған пневматикалық тапаншаны полицияға тапсырды. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 287 бабының 1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде», дейді облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.

Тәркіленген қаруларға қатысты ақпаратты түзету мекемесінде отырған 24 жастағы жігіт хабарлаған екен.