Әлем • 20 Наурыз, 2022

АҚШ-тағы автошоу қайғылы аяқталды

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Арканзас штатына қарасты Думас қаласында ұйымдастырылған автошоу соңында атыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ-тағы автошоу қайғылы аяқталды

Атыс салдарынан он адам жарақат алған. Жарақат алғандардың ауруханаға жеткізілгенін штаттың полицейлері растады. Деректерге сенсек, жараланғандардың арасында балалар да бар екен. Сонымен қатар, кем дегенде бір адам көз жұмған. Жарақат алғандардың кейбірінің жағдайы мәз емес. Оқиға орнында тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.