Пікір • 24 Наурыз, 2022

Бірегейлігімізге оң әсер етеді

224 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Әрине, Президенттің Жолдауын нақты және егжей-тегжейлі түсінуге тиіспіз. Алайда қазірдің өзінде алдын ала қорытынды жасауға болады. Жолдауға қатысты барлық тармақтарын айтпай, менің ойымша ең маңыздыларына тоқталып өтейін.

Бірегейлігімізге оң әсер етеді

Алдымен айта кету керек, Мемлекет басшысының бірқатар бастамасы көпшілік халықтың және оппозиция өкілдерінің көңілінен шықты. Бұл саяси партиялар мен сайлау туралы заңдар туралы айтқанда. Ендігі кезекте саясат алаңында өз көзқарастарымен жаңа партиялар пайда болатыны анық. Алайда бұл Aмаnат партиясының беделі мен партияластар саны азаяды деген сөз емес. Бұл біздің партиямыздың өз жұмысына жаңадан көзқараспен, халықпен одан да тығыс жұмыс істеуге ынталандыратыны анық. Қаңтар оқиғасы бізге қазіргі уақытта одан әрі саяси реформаларды жылдам қарқынмен жүргізілуі керектігін көрсетті. Президенттің, Есеп комитеті мен Конституциялық кеңестің төрағалары мен мүшелерін партия мүшесі болмауы туралы шешім еліміздегі барлық партия­ларға тең мүмкіндік беріп, оларға бірдей жағдай жасалатынының бірден-бір белгісі. Ендігі кезекте облыс, қала, аудан, ауыл әкімдері мен орынбасарлары жергілікті партия төрағасы бола алмайды. Бұл ұсынысқа партия мүшелері де келісетіні сөзсіз. Себебі жергілікті мәслихаттағы фракциялардың жұмысы жанданып, әкімдер партияны әкімшіліктің бір бөлімі деп санау­ды қойып, партиялармен санасатын болады. Президент айтқандай, енді партия мен мемлекеттік органдардың жұмыстарын бөліп, ажыратып алуымыз керек. Бұл – сол бастамалардың бірі.

Жолдауда бір жағынан халық қалаған сәттер болды, ал екінші жағынан тосынсый болатын өзгерістер айтылды.Ол бірден үш облыс – Ұлытау, Абай және Жетісуды құру (немесе қайта құру) туралы болып отыр.

Жезқазған аймағына баса назар аудара отырып, кейбір облыстардың өңір орталығынан алыс орналасуы көптеген әлеуметтік, экономикалық мәселерді дер кезінде шешілуіне тосқауыл болып жатқаны мәлім. Тіпті халыққа да облыс орталығына барып-қайту көп уақыт пен қаржы алатыны бар. Менің ойымша, бұл дұрыс шешім. Әрине, елорда немесе Алматы қаласының тұрғындары үшін бұл – маңызды емес, тіпті бюджеттен артық ақша жұмсау сияқты көрінуі мүмкін, бірақ халықтың мұқтаждықтарын ескеру қажет. Жезқазған мен Семей тұрғындарының арасында бұл бастаманы қолдайтындар аз емес. Қалай болғанда да, бұл аймақтарды әлеуметтік-экономикалық да­му­дың жаңа деңгейіне көтеруге мүм­кіндік береді. Сонымен қа­тар идеологиялық аспект пен ұлттық тарих туралы ұмы­туға болмайды. Ұлытау – гео­графиялық жағынан ғана емес, рухани жағынан да Қазақ­станның жүрегі. Жетісуға келетін болсақ, басты аспект – Қасым-Жомарт Кемелұлының оның әкімшілік орталығына Дінмұхамед Қонаев атын беруге тікелей ұсыныс жасауы. Осының барлығы қазақ бірегейлігінің дамуына оң әсер етеді. Мемлекет басшысы сөзінің соңында өзінің басты міндеті елдің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтау деп атап өтті.

 

Ғани ТАШҚАРАЕВ,

Парламент Мәжілісінің депутаты