Пікір • 24 Наурыз, 2022

Қоғамның бірлігі нәтижелі реформаға ұласады

681 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы саяси және экономикалық өзгерістердің дәйекті әрі батыл жүргізіліп жатқанын айғақтайды.

Қоғамның бірлігі нәтижелі реформаға ұласады

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»

Мемлекет басшысы нақты тапсырмалары арқылы Қазақстанның саяси ауысулар жүйесін кезең-кезеңмен қалыптастырды. Оның ішінде, әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен қабілетін арттыруға, әскери қызметтің беделін көтеруге және жеке құрамның жауынгерлік рухын қолдауға бағытталған Қару­лы Күштерді жаңғырту іске асырылуда.

Айтылған реформалардың мазмұны және әкімшілік-аумақ­тық жаңалықтар шын мәнінде тарихи тұрғыда маңызды. Бұл ретте Жолдау азаматтарды Жаңа Қазақ­станды құруға тарту үшін көп мүмкіндіктер беретінін айрықша атап өтуге болады.

Сайлау заңнамасындағы, парла­менттік және партиялық құры­лыстағы, жергілікті өзін-өзі ба­сқаруды дамытудағы, Прези­дент пен әкімдерді саяси пар­тия­лардың қызметінен алшақта­тудағы өзгерістерді атап өтудің өзі жеткілікті. Халықара­лық нор­­маларға сәйкес азаматтар­дың құ­­қы­қтарын сақтау жөніндегі жұ­мыс күшейтіліп, Конститу­ция­лық сот қайта құрылатын болды.

Президенттің Қазақстан хал­қына Жолдауында айтылған сая­си инновациялар, бір жағы­нан, демократиялық бастауларды нығайтса, екінші жағынан, мемле­кеттің тұрақтылығын арттыруға жұмыс істейді.

Қаңтар оқиғасы азаматтардың бостандықтары мен ұлттық қауіп­сіздіктің басымдықтары арасын­дағы тепе-теңдіктің қаншалықты маңызды екенін көрсетіп берді. Бұл құндылықтар мемлекеттің егемендігін, аумақтық тұтастығын қорғаудан және халықтың түпкі мүдделерін қамтамасыз етуден тұрады деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Бұл тұрғыда бүгінде Қарулы Күштерде де реформалау процесі жүргізілуде. Гибридті қауіптер көбейіп жатқан уақытта ұйымдық, техникалық және технологиялық деңгейлер өзгеруде. Әскерлердің жауынгерлік даярлық жоспарларына түзетулер енгізіледі. Бұл ретте стандартты емес міндеттерді орындауға, шешімдерді жедел қабыл­дауға және ведомство­ара­лық үйлестіруге ерекше назар аударылатын болады.

Президенттің Жарлығы бо­йынша Қорғаныс министрлігіне қарайтын Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды. Оларға аса күрделі мін­деттерді орындау, соның ішінде терроризмге қарсы операцияларға қатысу және заңсыз қарулы құра­лымдарға қарсы іс-қимыл жүргізу жүктелген.

Әскерлерді ақпараттандыру және роботтандыру деңгейін арттырып, мемлекеттік органдармен интеграцияланған әскерлерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін дамытуға қатысты жұмыс істейміз. 

Президент жариялаған рефор­малардың нәтижелі болуы қоғам­ның бірлігі мен тұтастығына бай­ла­нысты екені сөзсіз. Әскерге ар­налған жобада біздің күшіміз – кәсі­би білікте, жауынгерлік ма­шық пен қатаң тәртіпте деп айтар едім.

Міне, осындай жағдайда ғана қасиетті Отанымыздың негізі берік, ал мемлекетіміз беделді болары анық. Мемлекет басшысы­ның бұл маңызды Жолдауын әр қазақстандық жылы қабылдады деп ойлаймын.

 

Руслан ЖАҚСЫЛЫҚОВ,

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі