Футбол • 24 Наурыз, 2022

«Боруссия» Холандты алмастыратын футболшы іздей бастады

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германиялық «Боруссия» (Дортмунд) футбол клубы осы жазда Еуропаның үздік клубтарының біріне ауысатын Эрлинг Холландтың орнына шабуылшы іздей бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Боруссия» Холандты алмастыратын футболшы іздей бастады

Дортмундтық ұжым нидерландылық «Аякс» футбол клубының шабуылшысы Себастьен Аллер, «Байердің» чехиялық шабуылшысы Патрик Шик, «Штутгарт» футбол клубының ойыншысы Саша Клайджич, «Спарта» командасының футболшысы Адам Гложек секілді футболшылардың бірін қатарға қосуға ниетті. Ал Эрлинг Холландқа қазіргі кезде испаниялық «Реал», «Барселона», ұлыбританиялық «Манчестер Сити» командалары таласып жатыр.