Жекпе-жек • 24 Наурыз, 2022

Хорхе Масвидаль 15 жылға сотталуы мүмкін

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

UFC-де жартылай орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген Хорхе Масвидаль жақында мейрамханалардың бірінің маңында әріптесі Колби Ковингтонды соққыға жыққан болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хорхе Масвидаль 15 жылға сотталуы мүмкін

Қарсыласына екі соққысын дарытқан ол 48 сағаттың ішінде ұсталды. Деректерге сенсек, соққыдан Ковингтонның тісі сынған. 37 жасар спортшыға бүгінде екі бап бойынша айып тағылды. Оның кінәсі дәлелденсе, спортшы 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жеңіл жаза қолданылған жағдайда 10 мың доллар айыппұл төлейді. Тіпті сот қаталдық танытса, екі жазаны қатар қолдана алады екен. Яғни, 10 мың доллар айыппұл сала отырып, 15 жыл абақтыға жабуға соттың құқығы бар.