MTK Kazakhstan ұйымы ұйымдастыратын кеште ол мексикалық Хосе Масиас Энрикеспен жұдырық түйістіреді.
Қазақ оғланы мен мексикалық былғары қолғап шебері бүгін WBO тұжырымы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы жастар арасындағы әлем чемпионы белдігін сарапқа салады. Бұған дейін шаршы алаңға тоғыз рет шығып, барлық қарсыластарынан айласын асырған отандасымыз бүгін оныншы рет жеңіс тойын тойлауға күш салатын болады. Қарсыласы осал емес. Алайда Рай да аянып қалмас.