Футбол • 25 Наурыз, 2022

«ПСЖ» Мбаппенің орнына Холландты алмақ

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Франциялық «ПСЖ» футбол клубының басшылары осы жазда командадан кететін шабуылшы Килиан Мбаппенің орнына германиялық «Боруссия» (Дортмунд) командасының норвегиялық шабуылшысы Эрлинг Холландты алуға ниеттеніп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ПСЖ» Мбаппенің орнына Холландты алмақ

Бұл туралы Cadena Ser ақпарат таратты. Дереккөз келтірген ақпаратқа зер салсақ, париждік команда Килиан Мбаппеге ұсынған жалақыны Холландқа беруге дайын. Клуб басшылары норвегиялық футболшының Килиан Мбаппені алмастыра алатындығына бек сенімді. Тіпті, олар Холланд өздерінің жаңа жобаларының басты жұлдызы болатынына ешқандай күмән келтірмейді. Бір сөзбен айтқанда команданың басқа футболшылары Эрлингтің жасындай жарқырауы үшін жасыл алаңда тер төгеді.

Естеріңізге сала кетейік, Килиан Мбаппе осы жазда Испанияның «Реал» командасына ауысуға бекініп отыр. Алайда франциялық футболшы әзірге «ПСЖ» футболшысы екенін ескерген «Барселона» басшылары да оны өз командасына қосуға жұмыс жасап жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35