Кәсіпқой бокс • 25 Наурыз, 2022

Қазақстандық боксшы қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда MTK Kazakhstan промоутерлік ұйымы ұйымдастырған бокс кеші басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық боксшы қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді

Бірінші болып шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшы Артем Пчеляков тәжікстандық Джалолудин Мухаммадимен қолғап түйістірді. Жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек тартысты басталды. Бірінші раундта өзі нокдаунға түскен Артем Пчеляков әрмен қарай басымдықты қолына алды.

Екінші және үшінші раундтарда жойқын соққыларын қарсыласына дарыта білген қазақстандық кәсіпқой боксшы Мухаммадиді техникалық нокаутпен жеңді.