Хоккей • 28 Наурыз, 2022

ҰХЛ: 19 жылдан кейін 11 шайба салынған матч тіркелді

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Питтсбург қаласындағы «Пи-Пи-Джи Пейнтс-Арена» стадионында ҰХЛ аясында өткен «Питтсбург Пингвинз» бен «Детройт Ред Уингз» арасындағы ойын 11:2 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҰХЛ: 19 жылдан кейін 11 шайба салынған матч тіркелді

ҰХЛ аясындағы ойындарда он бір және одан көп шайба салынған матчтар бұдан он тоғыз жыл бұрын болған екен. 2003 жылы «Вашингтон Кэпиталз» бенн «Флорида Пантерз» арасындағы ойын 12:2 есебімен аяқталса, 1920 жылы өткен «Монреаль Канадиес» пен «Квебек Булльдогс» арасындағы кездесуде ең үлкен есеп тіркелген. Ойын 16:3 есебімен аяқталған.