«ҚазАвтоЖол» ЖШС мәліметі бойынша 29 наурыз күні жергілікті сағат 10.10-нан бастап республикалық маңызы бар Орал-Тасқала-РФ шекарасы (76-104 км, Тасқала ауылынан Ресей шекарасына дейін) жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.
Жабылу себебі – боран, күшті жел, жолдың көрінбеуі. Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, аталған бағытта тұрғындарға жолға шықпау керектігін ескертті.