Қазақстан • 30 Наурыз, 2022

Тағы бір депутат Мәжілістен кетті

550 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттар Мәжіліс депутаты Мұхтар Ерманның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды қарастырып, оны ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тағы бір депутат Мәжілістен кетті

ҚР ОСК мүшесі Шавкат Өтемісовтің айтуынша, Мұхтар Ерман өз ыхтиярлығы бойынша өтініш берген.

«Мәжіліс депутаты Мұхтар Ерман өз еркімен өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш берді. Осыған байланысты ОСК Конституцияға және «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Заңға сәйкес оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізеді», деді ҚР ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов.

Сонымен қатар Мұхтар Ерманды ҚР ОСК мүшесі лауазымына тағайындау ұсынылды.

Депутаттар палатаның тиісті қаулысын бірауыздан қолдады.

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025