Қазақстан • 05 Сәуір, 2022

Биыл 3 мыңнан астам азаматқа қандас мәртебесі берілді

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері 3 мыңнан аса этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл 3 мыңнан астам азаматқа қандас мәртебесі берілді

Олардың басым бөлігі Өзбекстан, Қытай, Түрікменстан, Моңғолиядан көшіп келген.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 3 078 этникалық қазақ қандас мәртебесін алған. 

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 90,1 мың этникалық қазақ оралған. 

«Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (66,3%) Өзбекстаннан, 11,3% – Қытайдан, 10,9% – Түрікменстаннан, 2,2% – Моңғолиядан және 9,3% басқа елдерден. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,2%), Маңғыстау (19%), Түркістан (11,4%) және Жамбыл (5,9%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (6,5%), Нұр-Сұлтан (7,1%) және Шымкент (7,6%) қалаларына қоныстанды», деп жазылған хабарламада.

Биыл 1 сәуірдегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 62,7%, еңбекке қабілетті жастан кіші 23,2% және зейнеткерлер 14,1%.  Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,5% жоғары білімді, 39,6% орта кәсіби білімді, 47% жалпы орта білімді, 1,8% білімі жоқ.