Медицина • 06 Сәуір, 2022

ДДҰ демонстрациялық алаңы – Есік қаласында

519 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жуырда елімізге іссапармен келген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық аймақтық бюросының басшысы Ханс Клюге Алматы облысының Есік қаласына аймақтағы алғашқы демонстрациялық алаңның салтанатты ашылуына барды. ДДҰ-ға қарасты мұндай алаңдар Швеция мен Испанияда ашылса, оған енді Қазақстан қосылып отыр.

ДДҰ демонстрациялық алаңы – Есік қаласында

Айтулы оқиғаға еліміздің Ден­сау­лық сақтау министрі Ажар Ғи­ният, ДДҰ Еуропалық аймақтық бюро­сының директоры Ханс Клюге, Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев, Өзбекстанның мемлекет­тік медициналық сақтандыру қоры­ның атқарушы директоры Фаррух Шарипов, Өзбекстан Ден­сау­лық сақтау министрлігінің меди­ци­­на­лық сақтандыру жүйесін енгізу бас­қар­масының басшысы Абдура­хим Юлдашев пен Өзбекстан Рес­пуб­лика­сы­ның денсаулық сақтау ұйым­дары­ның басқа да өкілдері қатысты.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы МСАК жүйесін реформалау туралы, мультидисциплинарлық командалар қалай құрылғаны және мамандарды оларда жұмыс істеуге оқыту туралы баяндады.

«Қазақстанда 6 мыңнан астам МСАК (медициналық-санитарлық алғашқы көмек) орталығы жұмыс істейді. Олардың 90%-ы – жалпы практика дәрі­­герлері мен педиатрлары бар учас­­келер. Біз сырқаттардың қажет­т­і­лік­­терін ескере отырып, МСАК ны­сан­дарын көбейтуді жос­парлап отыр­мыз. 2025 жылға дейін 500 учас­ке салынады, биыл 100-ден астам учаске пайдалануға беріледі», деді А.Ғиният.

Сондай-ақ министр созылмалы жұқпалы емес аурулардың алдын алу мен оған қарсы күреске, пациенттердің өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігін арттыруға, медициналық персоналдың өзара әрекетін жақсартуға және ықтимал асқынулардың алдын алуға бағыт­талған барлық қолда бар ресурс­тарды пайдалануға бағытталған ауруларды басқару бағдарламасын сәтті енгізуге қатысты сөз қозғады.

Дөңгелек үстел отырысынан ке­йін министр бастаған шетелдік қо­нақ­тардың делегациялары ауруха­наны аралап, пациенттерді бөлу­дің тираж-жүйесімен, сондай-ақ МСАК мультидисциплинарлық коман­даларының жұмысымен танысты.

А.Ғиният МСАК бригадалары КВИ пандемиясымен күрес пен халықты вакциналау науқанына тар­тылғаны туралы хабарлады. Есік қала­сындағы Еңбекшіқазақ көп­бейінді ауданаралық ауруханасы базасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ме­дициналық-санитарлық алғаш­қы көмек көрсетуде алғашқы демон­страциялық алаңы салтанатты түрде іске қосылды.

«Демонстрациялық алаң ашу­дағы мақсат – дәрігерге бағыттал­ған МСАК қызметтерін көрсетудің био­­ме­­дициналық моделін МСАК көп­­бейінді командалары негізінде ана­ғұрлым тұтас тәсілге, яғни ме­­ди­циналық-әлеуметтік көмек моделіне қарқынды қайта құруда Қазақ­­станның тәжірибесімен алмасу көзделініп отыр», деді А.Ғиният.

Министр елімізде МСАК жүйесі құрылатын мультидисциплинарлық тәсіл емдеудің барлық кезеңінде көр­сетілетін медициналық көмек­тің: учаскелік қызметтен ауруха­на­лардағы мамандандырылған көмекке дейінгі үздіксіздігі мен сабақ­тастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атады.

«Қазақстанда, атап айтқанда, Есік қаласында Демонстрация­лық алаң ашу ДДҰ-ның Қазақстан­ның МСАК-ты дамытудағы жетістік­терін мойындаудың нәтижесі деп білеміз. Біз Еңбекшіқазақ ауданаралық көпса­лалы ауруханасы сияқты ұйымдардың заманауи инновациялық технология­ларды қолданудағы тәжірибесі мен жетістіктерін басқаларға үлгі етуге ұмтыламыз», деді министр.

«Қазіргі заманғы жаңа жағ­дай­­лар­да Қазақстан МСАК-ты қоса алған­да, денсаулық сақтау жүйесін жолға қойып, халыққа неғұрлым тиімді қызмет көрсету үшін оны күшейту жөнінде шаралар қабылдады. Бұл – ДДҰ-ның қолдауымен Қазақ­станда Еңбек­шіқазақ көп бейінді ауданара­лық аурухана базасында медицина­лық-санитарлық алғаш­қы көмек көр­­сету бойынша көпбейінді коман­­далар қызметі­нің табысты мыса­лы ретінде демонстра­циялық алаң ашуға ықпал етті», дейді Ханс Клюге.

Ендігі жерде мұндай алаңдар ДДҰ Еуропалық аймағының үш елінде: Қазақстан, Испания және Швецияда бастамашы бола алады.

Осыдан кейін доктор Ханс Клюге Алматы облысының Есік қала­сын­да Еңбекшіқазақ көпбейін­ді аудан­аралық ауруханасы база­сын­да еліміздегі медициналық-са­ни­тар­лық алғашқы көмек көр­сету саласын рефор­малау тақырыбын­­да өткен дөңге­лек үстелге қаты­сып, үздіксіз­дік пен сабақ­тастық­қа негізделген МСАК көпбейінді командаларының био­ме­ди­цина­лық моделінен кешенді моделіне көшудегі Қазақстанның тәжірибесі талқыланды.

 

АЛМАТЫ