Қазақстан • 06 Сәуір, 2022

Ресей «Байқоңырды» жалға алудан бас тартуы мүмкін бе

992 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға беру мәселесі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресей «Байқоңырды» жалға алудан бас тартуы мүмкін бе

Кеше «Роскосмос» корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозин өзінің жоспарлары өзгермегенін айтты. Олар Қазақстанмен жоспарланған ғарыш бағдарламалары әрі қарай жұмыс істеп, дамитынын мәлімдеді», деді Бағдат Мусин.

Сонымен бірге, ведомство басшысы 15-20 сәуірде Ресеймен ғарыштық бағдарламалар бойынша келіссөздер өткізілетінін айтты.

«Біз ресейлік әріптестермен келіссөз жүргіземіз, өйткені уақыт орнында тұрмайтыны түсінікті, біз орманда тұрмаймыз. 15-20 сәуірге бірқатар мәселелер бойынша, оның ішінде таяу жылдарға арналған перспективалы жобалар бойынша олармен келіссөздер жоспарланған», деп қосты Бағдат Мусин.

Айта кетсек, «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға беру туралы шарт 2050 жылға дейін ратификацияланған. Жыл сайын Ресей «Байқоңырды» жалға алу үшін 100 миллион доллардан астам ақша төлейді.