Ғылым • 12 Сәуір, 2022

15 ғылыми жобадан – 346 млн теңге табыс

179 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2021 жылы қазақстандық ғалымдардың 15 ғылыми жобасын экспорттаудан 346 млн теңгеден аса табыс түскен. Жобалар Қытай, Ресей, Түркия, Грузия, Чехия, Қырғызстан сияқты елдерге экспортталды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.

15 ғылыми жобадан – 346 млн теңге табыс

Мемлекеттік қолдаудың нәти­жесінде қазақстандық ға­лым­дар шетелдік ғалымдармен бірге медицина, нано және биотехнологиялар, жасанды интеллект, геология, минералды және көмірсутекті шикізатты өңдеу, ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі және экология саласындағы заманауи жобаларға қатысып жатыр. Барлық жоба Ғылым қорының қолдауымен жүзеге асырылды.

Ғылым қоры басқармасы­ның төрағасы Арын Орсариев: «Соңғы 2 жылда 130-ға жуық жоба қаржыландырылды. Қор – ғылыми және ғылы­ми-техникалық қызмет нәтиже­лерін коммерцияландыру бо­йынша жобаларды гранттық қаржыландыру операторы. Бүгінде біз ғылымды қажет ететін 120 өндірісті іске қостық, оның 15-і өнімін экспортқа шы­ғарып үлгерді. Сонымен қатар 1,5 мыңға жуық жұмыс орны құ­рылды. Зияткерлік мен­шік ав­тор­лары мен ғылыми жо­ба­­лар­ды пайдаланатын кә­сіп­орын­дар арасында 45 ли­цен­зиялық келісім жасалды», деді.

Министрліктің мәлім­деуінше, ғылыми жобалардың арасында кобальт-57 радиоизотопы, жел және күн энергиясын өндіретін генераторлар, зеңге қарсы препарат, меди­циналық, тағамдық және тұрғын үй-жайларды сани­тарлық тазартуға арналған биологиялық өнімдер, сүт сарысуы негізіндегі сусындар, пробиотиктер және т.б. бар.

Айталық, Ғылым қоры­ның қол­дауымен «Антиген» ғы­лы­­ми-өндірістік кәсіпор­ны­ның ғалым­дары культурал­дық вак­цина өндіру технология­сын әзір­леді. Бұл жоба үй жә­не жа­ба­йы жануарлардың құты­ру ауруы­­ның таралуын алдын алу­ға ба­­ғыт­­талған. Бүгінде вак­ци­­наны Гру­зияға жеткізу ұйымдас­тырылды.

Микробиология және ви­русо­логия институтының ға­лым­дары сарысу негізіндегі тағамдық құндылығы жоғары отандық сусын шығаруды қолға алды. Сусынның бүйрек пен бауырдың жұмысына, сондай-ақ бүкіл ішектің жұмысына пайдасы зор. Сонымен бірге рев­матизмдегі қабынуды азайту­ға көмектеседі, гипертония кезінде қысымды қалыпқа келтіріп, атеросклероз қаупін азайтады.