Қоғам • 19 Сәуір, 2022

«Ай-Шуақтың» алаяқтығын әшкереледі

319 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қаржылық пирамида құрып, алаяқ­тық­пен ақша табудың түрлі тәсілдерін мең­гергендер бөтеннің мүлкін заң­сыз ием­деніп, өзіне сенгендерді сан соқ­ты­рып кетіп жатады. Күн сайын қатары артып келе жатқан осын­дай алаяқтар үшін әлеу­­меттік желі өздерінің жымысқы әре­кет­те­рін жүзеге асыруға қолайлы болып тұр.

«Ай-Шуақтың» алаяқтығын әшкереледі

Ал алаяққа алданғандардың арызын тыңдап, қылмыстың алдын алу әрине, құқық қорғаушылардың міндеті. Жұрт­тың жиған-тергенін жасырын отырып сыпырып алып, сайда саны, құмда ізін қалдырмайтын мұндайларды анықтап, жауапқа тартуда тергеу орындарының орны ерекше.

Қызылорда қалалық полиция басқар­ма­сында 2018 жылдан бері жұмыс істей­тін тергеуші, аға лейтенант Нұрбол Нұр­мағанбет алаяқтардың алдын кесіп, күр­меуі қиын қылмыстық істерді тергеумен айналысады.

Оның айтуынша соңғы кездері алаяқ­тық әрекетке баратындар күрт көбейген. Өзгенің мүлкін заңсыз ием­денетіндерге жаза қатаңдағанымен өзіне сенгендерге уәдені үйіп-төгіп, ақшасын алып, бой тасалайтындар қатары азаймай тұр.

Тергеуші осыған дейін «Айлуна Голд», «Ай-Шуақ» атты қаржы пирамидаларын анықтап, қыл­­­­мыстық құқық бұзушылықтың жолын ке­сіп­­ті. Біліктілігі арқасында күдіктінің кінә­сін дәлелдеп, істі сотқа жолдады. 2021 жылы Whats­App әлеуметтік мессенджерінде BEFREE аты­мен белгілі болған қаржы ұйымын ашқан топ­тың қылмысын әшкереледі. Тергеп-тексеру жұмыс­тарын жүргізу нәтижесінде «Вклад чат Ерғазы», Wall street секілді топты ұйымдастырған күдіктілердің қылмыстық іс-әрекеттерін ашты.

«Біздің басты міндетіміз – қылмыстық істерді тергей отырып, жәбірленушінің мұң-мұқтажына көңіл бөлу, қоғамда құқық бұзушылықты болдырмау. Осы орайда біз азаматтардан түскен арыз-шағымдар бо­йынша қолға алынған қылмыстарды ашып, анықтап, оларды сотқа жібереміз. Сот қылмыскерге әділ шешім шығарып, жәбірленушілердің құқығын қорғайды», дейді тергеуші.

 

Қызылорда