Мұнайлы Атыраудың экономикасында балық шаруашылығының да айтарлықтай үлесі бар. Қазір өңірдегі су айдындарынан балық шаруашылығына бейімделген 19 кәсіпорын балық аулайды. Оның екеуі – бекіре тұқымдас балықтар шабағын өсіретін зауыт.

Облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының мәліметіне сүйенсек, өңір балықшылары Жайық-Каспий су бассейнінен 2020 жылы 11 582 тонна, ал былтыр 15 052 тонна балық аулады. Мәселен, былтырғы көктемгі маусымда 8 992 тонна, ал күзде 6 060 тонна су маржаны сүзілген. Биыл көктемгі балық аулау маусымы 17 ақпанда Қиғаш өзенінде, ал Жайық өзенінде 9 наурызда басталды. Балық аулауға білек түре кіріскен 19 балық шаруашылығы кәсіпорнында 614 адам тұрақты, 2 172 адам маусымдық жұмысқа тартылды. Ал сәуірде Исатай ауданында орналасқан «Шағала-Атырау» ЖШС қосылды.
Серіктестіктің тәулігіне 6 тонна балық өңдейтін цехы, қоймалар, сыйымдылығы 250 тонна болатын 12 тоңазытқышы, сондай-ақ уылдырық дайындау, балықты ыстықтай әрі салқын күйде қақтау, кептіру, консервілеу, өнімді бұқтыру құрылғылары бар. Бұдан бөлек 17 қайық және 1 кеме сатып алынған. Бұл жобаның құны 250 млн теңгені құрап отыр.
– Биыл басқарма арқылы жануарлар дүниесін пайдалануға 1 285 рұқсат қағазы берілді. Ақпан-наурыз айларында ауланған балық көлемі 1 100 тоннаға жуықтады. Оның ішінде Жайық өзенінен сүзілген балық 85 тоннаға жетті. Ал Қиғаш өзенінен 882 тонна, Каспий теңізінен 135 тонна су маржаны ауланды. Енді мамырдың соңына дейін Жайық-Каспий су бассейнінен 11-12 мың тонна балық аулау жоспары бар. Ақпан-наурыз айларында 1 092 тонна балық, 123 тонна балық өнімдері мен 20 тонна балық уылдырығы Ресей Федерациясына, Әзербайжан мен Израиль еліне экспортталды, – дейді Артур Сәдібекұлы.
Экспорт демекші, Атырау балықшылары аулаған балық пен оның өніміне шетелдік тұтынушылардан сұраныс артып келеді. Өткен жылы 9 019 тонна балық пен балық өнімдері Ресей Федерациясы, Украина, Әзербайжан, Израиль, Грузия, Өзбекстан және Румыния елдеріне экспортқа жіберілген. Алайда әлемді шырмауықтай шарпып, карантин қауызына сыйдырған коронавирус инфекциясының салқыны экспортталатын балық өнімдерінің кемуіне тигені даусыз. Мәселен, 2020 жылы 10 691 тонна балық және балық өнімдері шетелге экспортқа жіберілсе, былтыр 1 672 тоннаға кеміді. Дегенмен, ішкі нарықтағы сұраныс артып, 5 539 тонна өнім Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Орал қалаларының тұтынушыларына сатылған.
– Соңғы жылдары балық шаруашылығына инвестиция салуға ынта танытушылар көбейе бастады. Өңірде 2021-2025 жылдары аралығында 9 балық өсіру жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Мәселен, «СевКаспийФиш», «Тілекші» серіктестіктері мен «Сәт», «Сагиева», «Абдолов», «Жұмагалиева» шаруа қожалықтары тоған шаруашылығын, «Каспий балық» өндірістік кооперативі тоған мен тор қоршауда балық өсіру, балық өңдеу цехын салуды қолға алмақ. Былтырғы қарашада Жылыой ауданындағы «Сәт» шаруа қожалығы балық өсіруге арналған екі тоған құрылысы үшін арнайы жер қазу жұмыстарын аяқтады. Махамбет ауданында «А-Дана» шаруа қожалығы сумен қамтудың тұйықталған жүйесінде тауарлы балық өсіру жобасын іске асырады, –дейді А.Сәдібекұлы.
Су айдындарынан маржан сүзіп жүрген балықшылардың қатарында қыз-келіншектер де бар. Қазір осы салада 80 жылдан астам тарихы қатталған «Амангелді атындағы» серіктестігінде 14 қыз-келіншек жұмыс істейді. Солардың қатарында Майра Қапарова да бар.
– Балық шаруашылығы саласындағы экологиялық таза балық өнімдерін шығаратын біздің серіктестік 1934 жылы құрылған. Содан бері су маржанын сүзіп, балық өнімдерін шығаруды тоқтатқан жоқ. Біздің кәсіпорынның басты ұстанымы – экологиялық таза балық өнімдерін шығару. Бұл үшін көктемнің әр күнін текке өткізбей, балықты молырақ аулау қажет. Әйелдерді нәзік деп жатады ғой. Судың ортасында тұрып, ау тарту әйелдерге оңай емес. Бірақ біз ерлермен бірге тартымға шыққанда, шыдамдылық танытамыз, – дейді балықшы Майра Қапарова.
Бұл серіктестіктің цехында тәулігіне 395 тонна балық өңделеді. Мәселен, 2019 жылы 1,1 мың тонна мұздатылған балық, 225 тонна балықтың жон еті, 50 тонна өңделген балық өнімі шығарылды. Серіктестіктің экологиялық таза балық өнімдеріне Қазақстан, Ресей, Украина мен Әзербайжан, Өзбекстан, Франция, Болгария, Германия елдерінен сұраныс түседі.
Мемлекет тарапынан Каспий теңізіндегі бағалы бекіре тұқымдас балықтарының қорын молайтуға барынша назар аударылып отыр. Осы мақсатта 1998 жылы «Атырау бекіре шабағын өсіру» зауыты пайдалануға берілді. Зауытты іске қосудағы мақсат – жасанды тәсілмен алынған уылдырықтан бекіре тұқымдас балық түрлерінің шабағын өсіру. Зауыт директоры Рашиден Қалидуллиннің айтуынша, 1998 жылдан 2019 жылға дейін Жайық-Каспий су бассейніне арнайы тоғандарда өсірілген 89 млрд-тан астам бекіре тұқымдас балықтардың шабағы жіберілген.
– Біз мемлекеттік тапсырыспен бекіре тұқымдас балықтар шабағын өсіру көлемін 100% орындап отырмыз. Жыл сайын зауытта 3,5 млн шабақ өсіреміз. Табиғат пайдаланушылар үшін осындай 120 мыңнан астам шабағын өндіреміз. Зауытта 78 адам жұмыс істейді. Олардың 60%-ы – балық шаруашылығының мамандары, – дейді Рашиден Қалидуллин.
Өткен жылы бекіре тұқымдас балықтар шабағын өсіретін екі зауыт Жайық өзенінен 304 бекіре балығын аулады. Екі зауыттың мамандары былтыр 92 аналық балықтан жасанды жолмен алынған уылдырықтан 7 млн 869 мың бекіре шабағын өсіріп, Жайық өзеніне жіберді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 113 мың 394 данаға артық. Сондай-ақ «Caspian Royal Fish» ЖШС мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бекіре тұқымдас бағалы балық қорын 1 109,0 мың шабақпен толықтырды.
Балалар демалысына 130 миллион теңге бөлген
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өзге тілді сыныптарда қазақ тілі қалай оқытылады?
Білім • Кеше
Аймақтар • Кеше
Щучинск қаласы Абылай хан атана ма?!
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Қанағатпен өмір сүретін шенеунік қайда?..
Қоғам • Кеше
Абай ілімін ашу – рухани кемелденуге апарар жол
Абай • Кеше
Экономика • Кеше
Экономика • Кеше
Көпбалалы аналардың қолдаушысына айналған орталық
Аймақтар • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Таным • Кеше
«Барыс» «Автомобилистен» жеңілді
Спорт • Кеше
«Испания Вуэльтасына» қатысады
Спорт • Кеше
Ұстаз еңбегінің ұлағатын асырған
Білім • Кеше
Ұлттық ойындар – құнды мұрамыз
Ұлттық спорт • Кеше
Кино • Кеше
Теннис • Кеше
Жаңаөзенде мектеп жанында жол апаты болды
Оқиға • Кеше
Алматы облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
Қазақстанның экспорты 6 айда 56,3% - ға өсті
Экономика • Кеше
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазгидромет биылғы бидай өнімділігіне болжам жасады
Қазақстан • Кеше
Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылды
Қазақстан • Кеше
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы СҚО-ға жетті
Медицина • Кеше
Әлихан Смайылов TAV Airports Holding басшысымен кездесті
Үкімет • Кеше
Шымкенттік шенеунік жолға бөлінген 747 млн теңгені жымқырған
ANTIKOR • Кеше
Елордада 2 мың орынға арналған мектептер салынады
Білім • Кеше
Ұқсас жаңалықтар