«Республика аумағының басым бөлігінде ашық, жауын-шашынсыз ауа райы болады, тек еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр, Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, Қазақстанның оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғып, оңтүстік өңірлерде найзағай ойнайды, дауыл соғады», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ болып, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл соғады.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Атырау облысының батысында, орталығында, Алматы облысының шығысында жел 15-22 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.