Ауа райы • 29 Сәуір, 2022

Еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29 сәуір күні республиканың басым аумағында ашық, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің тек оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында жаңбыр жауады, найзағай, дауыл күтіледі. Барлық өңірде жел тұрып, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

Атап айтқанда, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күндіз желдің екпіні 25 м/с артады. Өңірдің солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында күндіз дауыл күтіледі. Өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.

Алматы облысының Алакөл көлдерінің ауданында желдің күші 23-28 м/с артады. Ақмола облысының батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Қарағанды облысының оңтүстігінде күндіз желдің екпіні 25 м/с артады. Қостанай облысының солтүстік-батысында желдің күші 23 м/с жетеді. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.