Білім • 05 Мамыр, 2022

Сабақ оқи жүріп сауықтыру курсынан өтеді

226 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Балалар жылы аясында ай сайын еліміздегі 100-ге жуық қазақстандық бала тегін сауықтыру курсынан өтеді. Олар аталған сауықтыру курсын Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Бөбек» орталығында алады.

Сабақ оқи жүріп сауықтыру курсынан өтеді

Білім және ғылым министр­лігінің хабарлауынша, сауық­тыру курсының ұзақтығы – 22 күн. Сауықтыру кешені бір жылдың ішінде 12 ауысым жасайды. 2022 жылдың басынан бері сауықтыру кешенінде Алматы қаласы, Алматы, Жам­был және Түркістан облыс­та­рынан 440 бала санаториялық оңалту курсынан өткен. Олар­дың 63,9%-ында тыныс алу органдарының аурулары және әлсіз иммунитет, 9%-ын­да анемия бар, ақуыз-энер­ге­ти­ка­лық жетіспеушілік – 15,4%, артық салмақ – 2,8%, лор мү­шелерінің аурулары – 7,9% және басқалары – 0,9%.

«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының бас директоры Баян Файзуллина: «Мемлекет басшысы бала­ларға ерекше көңіл бөлу керегін атап өтіп, 2022 жылды Балалар жылы деп жария­лады. Осы жылдың басынан бері Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Бөбек» орталығында жетім балалар, экологиялық қолай­сыз аймақтардан шыққан, көп­балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 1 320 бала оңалтудан өтті», деді.

Сауық­тыру курсы 019 «Бала­­­­ларды сауықтыру, оңалту және олардың демалысын ұйым­­­дастыру» мемлекеттік бюд­­­жеттік бағдарламасы шең­­­берінде жүзеге асырыла­ды. Бала­ларды жергілікті жер­лер­дегі білім беру ұйым­дары іріктейді.

Сауықтыру кешенінде бала­лар денсаулығын жақ­сар­тып қана қоймай, сонымен бірге мектеп бағдарламасына сәйкес оқуын да жалғастырады. Оқу­дан және емделуден бос уа­қыт­та балалар көрікті орын­дарға, хайуанаттар бағына және т.б. жерлерге барады.

«Менің ұлым 9 жас­та, ол анемиямен ауырады. Нау­рыз айының басында балам сауық­­тыру курсынан өту үшін Ал­ма­тыға барды. Ұлым қуанып, көзі жанып оралды. Орталықта балалар үшін қандай жағдай жасалғанын, балалар ол жақта өздерін жақсы сезінгенін үнемі айтып отырды. Орталықта бала­­­лар күніне 6 мезгіл тамақ­танған. Витаминдер курсын алып, тістерін емдеп, басқа да көптеген емдік процедураны қабылдады», деді сауықтыру курсын қабылдаған баланың ата-анасы.