Қазақстан футбол федерациясы мәлім еткендей, М.Адиевтің кандидатурасы аталған ұйымның атқарушы комитетінің шешімімен бекітілді.
М.Адиев ойыншы ретінде ресейлік «Анжи», ЦСКА, «Спартак», «Терек» және қазақстандық «Жеңіс» секілді клубтар сапында доп тепті. Бапкерлік мансабын 2010 жылы бастап, «Ахмат», «Анжи», «Чайка» командаларын жаттықтырды. 2021 жылы қарағандылық «Шахтер» футбол клубының бас бапкері қызметін атқарып, командасымен УЕФА Конференция лигасының плей-офф кезеңіне шықты. Сонымен қатар қарағандылық клуб Қазақстан кубогының финалына дейін жетті.