Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Орталық Азия елдері университеттері ректорларының І халықаралық форумы өтті. Форум жұмысына Орталық Азия елдерінің білім, ғылым саласының 100-ден аса өкілдері қатысты.

Форумда сөз сөйлеген Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық Азияның жоғары оқу орындары байланысты нығайта отырып, сапалы зерттеулер жүргізу, инновацияларды енгізудің маңызын атап өтті. Министр атап өткендей, еліміздегі 14 жоғары оқу орны әлемдік рейтингтен орын алған. Бүгінде Қазақстан – Болон процесінің белсенді қатысушысы.
Форумды өткен жылы қол қойылған Түркістан декларациясында көрсетілген жоспарларды жүзеге асыруға ықпал етеді деп бағалаған А.Аймағамбетов: «Негізгі мақсат – өңірлік деңгейде ынтымақтастықты нығайтып, аймақта біртұтас кеңістік құруға мүмкіндік беретін Орталық Азия жоғары білім аймағын құру», деп атап өтті. Министрдің айтуынша, биыл Қазақстан Чехиямен бірге Болон процесін Басқару тобына (BFUG) тең төрағалық етуде. Форум барысында Қазақстанда BFUG өкілдігін ашу мәселесі көтерілді. Бұл Еуропа мен Орталық Азия елдері арасындағы жоғары білім саласындағы әріптестікті күшейтуге және Болон процесі қағидаттарын өңірде таратуға мүмкіндік береді.
«Біз ауқымды реформа жүргізіп, жоғары оқу орындарына академиялық, басқарушылық және қаржылық дербестік бердік. Корпоративтік басқару жүйесі сәтті енгізілді. Жоғары оқу орындары коммерциялық емес акционерлік қоғамдарға ауысты. Директорлар кеңесі құрылды. Осы және басқа да көптеген реформа Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім беру сапасын жақсартуда шешуші рөл атқарды», деп атап өтті А.Аймағамбетов. Сондай-ақ ол Орталық Азия өңірі елдерінің 150 студенті үшін «Әл-Фараби» мамандығы мен бағдарламасын даярлап, сондай-ақ PhD бағдарламалары бойынша гранттар бөлу мәселесіне тоқталды. Өйткені Орталық Азия студенттерінің біріккен одағын құру мәселесі аса өзекті.
Орталық Азия университеттері ректорларының І форумы университетаралық байланыс орнатып, тәжірибе алмасу алаңы ретінде сұранысқа ие болатынына сенім білдірген Өзбекстан Жоғары және орта арнаулы білім министрінің бірінші орынбасары Комилжон Каримовтың айтуынша, мұндай іс-шаралар, халықаралық, өңіраралық және университетаралық байланысты жандандыруға серпін береді. Қазіргі таңда Өзбекстанның да жоғары білім беру саласында ауқымды реформалар жүзеге асып жатыр.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың басқарма төрағасы – ректоры Жансейіт Түймебаев Орталық Азиядағы ғылыми ұйымдар мен университеттер арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мен озық тәжірибе алмасу, сондай-ақ форум аясындағы ықпалдастықтың болашақ ұрпақтың экономикалық тұрақтылығы мен өмір сүру сапасына қосатын үлесі қомақты екеніне тоқталды. Осы орайда Ж.Түймебаев: «Жуырда Түркияның Ыстанбұл қаласында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филиалы ашылды. ҚазҰУ Орталық Азия университеттерімен тығыз байланыс орнатып, ынтымақтастық туралы 30-ға жуық келісімге қол қойды. Осы мамыр айының соңына қарай Бішкек қаласында университетіміздің кезекті филиалын ашу жоспарлануда», деп атап өтті.
Бүгінде ұлттық және халықаралық деңгейде мойындалған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналуды мақсат етіп отыр. Осы бағытта жетілдірілген ғылыми зертханалар құрылмақ. Университет кампусын кешенді жаңғырту және Smart технологияларды қолдану жұмыстары іске асуда. QS By Subject жаһандық пәндік рейтингінде университеттің білім беру бағдарламаларын одан әрі ілгерілету студенттер санын арттыруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттер арасында білім, ғылым ықпалдастығы тұрғысында Қырғыз Республикасы Білім және ғылым министрінің орынбасары Расул Абазбек уулу, Тәжік ұлттық университетінің ректоры Кобилджон Хушвахтзода және басқа да делегаттар баяндама жасап, оның келешегіне зор сенім артты.
Орталық Азия жоғары оқу орындары альянсын құру туралы меморандум қабылданып, екіжақты маңызды келісімдерге қол қою қатысушы мемлекеттер өкілдері үшін маңызды қадамдардың біріне айналды. Сонымен қатар Орталық Азия елдерінде қазақстандық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу мүмкіндігі талқыланып, басым бағыттар бойынша бірлескен ғылыми және білім беру жобалары жоспарын әзірлеу, оқытушылар және студенттермен алмасу барысы да тараптар үшін тиімді ықпалдастық.
Халықаралық шара аясында «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік, ЖОО ұжымы мен студенттерінің ұтқырлығы» және «Жоғары оқу орындарының цифрлы трансформациясы және Орталық Азия елдері зерттеу кеңістігінің интеграциясы» тақырыбында сессиялар өтіп, аймақ өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісті.
АЛМАТЫ
Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 9,5 миллионнан асты
Коронавирус • Бүгін, 11:03
Түркістан облысында екі шетелдік студент суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:50
Соғыста қаза тапқан үш қазақстандық жауынгердің сүйегі елге жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Коронавирус жұқтырғандар көбейді
Коронавирус • Бүгін, 10:29
Елге 30 тонна қантты заңсыз кіргізбек болған қазақстандық ұсталды
Әлем • Бүгін, 10:23
Елордадағы Президентік клиникада түркиялық дәрігер шеберлік сағатын өткізеді
Медицина • Бүгін, 10:15
Каспий теңізінде үш адам құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 10:08
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:58
Тоқаев осы аптада қандай іс-шараларға қатысады
Президент • Бүгін, 09:50
Өзбекстанда президент өкілеттігі ұзартылады
Әлем • Бүгін, 09:45
ТЖД алматылықтарға үндеу жасады
Қоғам • Бүгін, 09:37
Алматыда мейрамхана өртеніп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Екі өңірде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:22
Елордада «Қазақстан Барысы» турнирінің финалы өтеді
Күрес • Бүгін, 09:17
Атырау облысында жол апатынан бес адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 09:04
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Спорт • Бүгін, 08:33
Спорт • Бүгін, 08:32
Спорт • Бүгін, 08:30
Түркі әлеміне ортақ оқулықтар әзірленді
Білім • Бүгін, 08:28
Қаржы • Бүгін, 08:26
Құқықтық қатынасты нығайтудың тетіктері
Қазақстан • Бүгін, 08:24
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 08:22
Керамикалық кірпіштің келешегі бар ма?
Экономика • Бүгін, 08:20
Әлем • Бүгін, 08:17
БАҚ жөніндегі заң жобасы талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 08:15
Демографиялық және гендерлік саясат: Жаңа мүмкіндіктер жасалады
Қазақстан • Бүгін, 08:10
«Қауіпсіз ел» – қуатты армия кепілі
Қазақстан • Бүгін, 08:07
Заңсыз миграция екі елдің проблемасына айналды
Әлем • Кеше
Еуропалық одақтың құрылымы өзгеруі мүмкін
Әлем • Кеше
Импортты алмастыру қалдықты өңдеуден басталады
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Еңбек биржасындағы түйіндемелердің саны азайды
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Банктер экожүйесінің дамуы көңіл көншіте ме?
Қаржы • Кеше
GGG – CANELO: Ер кезегі үшке дейін...
Кәсіпқой бокс • Кеше
Amanat медиа сыйлығы: Кіл мықтыдан кім мықты анықталды
Қазақстан • Кеше
Алаш ардақтысын түркі әлемі ұлықтады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар