Бизнес • 22 Мамыр, 2022

Бизнеске қысым көрсетуді доғару қажет

141 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Отандық бизнестегі қордаланған проблемалардың бірі – саланы бақы­лай­тын құзырлы органдардың тарапынан жасалатын қысымның азаймауы. Айталық, негізсіз қозғалған қылмыстық іс көп.

Бизнеске қысым көрсетуді доғару қажет

Бақылаушы мемлекеттік органдар туралы айтар болсақ, тұтастай тексеру жүйесі тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделуі тиіс. Әлемдегі озық елдерде тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы тексерулердің 90-95%-ы автоматты түрде тағайындалады. Өкінішке қарай, елімізде бұл көрсеткіш небәрі – 27%. Республика аумағында тексеру жұмыстары түсетін шағымдардың негізінде жүргізіледі. Демек, олар автоматты түрде тағайындалмайды. Былайша айтқанда, мемлекеттік органдар қадағалау бағытында лайықты жұмыс істемейді және тәуекелдерге тиісті дәрежеде талдау жасалмайды.

Мемлекет басшысының алдында жыл­дың соңында аяқталатын тексерулер жүр­гізуге байланысты мораторийді ұзарту қажеттігі жөнінде мәселені көтердік. «Ата­мекен» ҰКП жобалық кеңсемен бірле­сіп, жаңа реттеушілік саясатты енгізуге қатысты үлкен жұмысты қолға алып, жүр­гізіп жатыр. Мемлекеттік органдар бизнестің алдына қоятын талаптардың, есептемелердің және тексерулердің бар­лық спектрін қайта қарайтын боламыз. Біздің болжамымызға сәйкес осы жұмыстың айтарлықтай нәтижелері 2024 жылға қарай дайын болуы тиіс. Сондықтан Президенттен мораторийді бір жылға ұзартуды сұрадық.

Өкінішке қарай, құқық қорғаушылар тарапынан көрсетілетін қысым сақталып отыр. Мәселен, негізсіз қозғалған көптеген қылмыстық іс пен процессуалдық әре­кет байқалған. Егер де қылмыстық істер­дің статистикасына қарасақ, былтыр
1 770 іс қозғалып, оның 400-ден астамы тоқта­тылғанын көруге болады. Сонда қыл­мыстық істердің 20-25%-ы негізсіз қозғалғаны ма? Мысалы, тінту, тәркілеу, шоттарға тыйым салу сынды жекелеген процессуалдық әрекеттер жөнінде өкінішке қарай, Қазақстанда статистика жүргізілмейді. Аталған мәселені шешу үшін ұлттық палата Бас прокуратурамен бірлесіп, қылмыстық істердің заңдылығын анықтау мақсатында талдау жүргізе бас­тады.

Мұндай талдауды тоқсанына бір рет облыстық прокуратураның деңгейінде және жарты жылда бір Бас прокуратура­ның алаңында республика көлеміндегі жұ­мыс­тардың қортындыларын шығару үшін ұсынылды. Бас прокуратура бұл бастаманы қолдады. Осы жұмысты жолға қойсақ, қадағалаушы және құқық қорғау органдары тарапынан заңға қайшы әрекеттердің саны күрт азаяды деп есептейміз.

 

Ербол ӨСТЕМІРОВ,

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары

Соңғы жаңалықтар