Қоғам • 25 Мамыр, 2022

Қазақстанда 300 мыңға жуық фрилансер жұмыс істейді

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 300 мыңға жуық фрилансер жұмыс істейді

Ақмәди Сарбасов Өзбекстанда өтіп жатқан «Орталық Азиядағы экономикалық даму үшін тиімді басқару» халықаралық конференциясы барысында жұмыспен қамтудың стандартты емес түрлерінің көбеюі байқалғанын атап өткен.

Вице-министрдің мәліметінше, 10 жыл ішінде әлемде цифрлық еңбек платформаларының саны 5 есе өскен. Платформалық жұмыспен қамту көптеген адам үшін ақша табудың және кәсіби дамудың нақты әдісіне айналуда.

«Жаһандық компаниялардың 40%-ы өз жұмысында фрилансерлер санын арттыруды жоспарлап отыр. Ал Қазақстанда, біздің бағалауымыз бойынша, бүгінде 300 мыңға жуық фрилансер жұмыс істейді», деді А. Сарбасов.

Спикер бірқатар жаңа стратегиялық бастаманы да ұсынды. Ол халықтың табысын 2025 жылға қарай 27%-ға арттыру жөніндегі міндеттерді шешуге көмектесуі тиіс. Жалпы бастамалар 4 бағытта іске асырылады:

– оқыту және қайта даярлау арқылы жұмыс күшінің сапасын арттыру;

– заңнамалық реттеу арқылы еңбек нарығын ырықтандыру және жұмыстың икемді түрлерімен қамтылған қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;

– халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін еңбек нарығының инфрақұрылымын дамыту;

– еңбек нарығының цифрлық экожүйесін құру арқылы қызметтерді ауқымды цифрландыру.