Қоғам • 26 Мамыр, 2022

Қазақстанда ұн бағасы 23 пайызға қымбаттады

1806 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сарапшылардың пікірі бойынша, Қазақстанда ұн бір айда 8 пайызға, бір жылда бірден 23 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда ұн бағасы 23 пайызға қымбаттады

Energyprom.kz сайтының мәліметінше, жоғары сапалы ұнның құны 301 теңге, бірінші сортты үнның келісі 200 теңге болды.

«Ай сайынғы динамика бойынша ұн бірден Жамбыл облысында 22,6%-ға, Батыс Қазақстан облысында 15%-ға, Түркістан облысында 14,1%-ға қымбаттады», дейді мамандар.

Жылдық динамика бойынша бағаның өсуін әсіресе Жамбыл облысының тұрғындары сезінді: бірден жылына 50,6%-ға қымбаттаған.

Үштікке Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары кірді: сәйкесінше 28,5% және 27,9%.

Зерттеуге сәйкес, еліміздің ірі қалаларының ішінде ең жоғары сұрыпты ұн елордада қымбат (кг 369 теңге), ең арзаны Павлодарда (205 теңге) болды.

Елорда тұрғындары үшін бірінші сұрыпты ұн да қымбат (263 теңге), ең арзан ұн Петропавлда (139 теңге).

Айта кетейік, 2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында елімізде дәнді дақылдардан 1,2 млн тонна ұн өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,6%-ға артық.

Өңірлер бойынша қарастырсақ, ең көп ұн Қостанай облысында өндірілді: 399,9 мың тонна.

Гүлдана Елубай

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15