Ақмола және Павлодар облыстарында үй жануарларына жасалған зертханалық зерттеулер кезінде парагрипп-3, нодулярлық дерматит, контагиозды плевропневмония, пастереллез, вирустық диарея және аусыл сияқты аурулар анықталған жоқ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығы осы жылдың 14 қаңтарында Қарағанды облысында аусыл ошағын тіркегені есімізде. Көп ұзамай Шет ауданы Киікті ауылдық округі әкімінің шешімімен шаруа қожалығына карантин қойылып, байланыста болған барлық жануар жойылды. Сондай-ақ дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.
Тиісінше, министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті жануарлардың денсаулығын қорғау жөніндегі дүниежүзілік ұйымға аусыл ауруы туралы дереу хабарлады. Осыған байланысты Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын қорғау ұйымы вакциналаусыз аусыл бойынша саламаттылық мәртебесін тоқтатты, ал импорттаушы елдер (Ресей, Қытай, Беларусь және т.б.) Қазақстаннан тірі жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты экспорттауға қатысты шектеу шараларын енгізді. Бұл қазақстандық экспорттаушылардың лоббиінің жоқтығын көрсетті.
«Министрлік жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметі ауыл шаруашылығы құрылымдарының ветеринариялық дәрігерлерімен бірлесіп, аусыл бойынша жағдайды тұрақтандыруды қамтамасыз ету үшін жұмыс жүргізді. Ресейдің ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералдық қызметінің хаттарына сәйкес, биыл сәуір айынан бастап Қазақстан аумағынан тағамдық коллаген өндіру үшін ірі қара мал терілерін әкелуге рұқсат етілді. Сонымен қатар Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті эпизоотиялық саулықты сақтау үшін Қазақстанның орталық аймағында ауыл шаруашылығы жануарларын вакциналау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын қорғау ұйымын хабардар етті», делінген ведомствоның хабарламасында.
Айта кету керек, жануарлар ауруы туралы күдік туындаған жағдайда ветеринарлық қызметтер аккредиттелген зертханаларда зерттелетін биологиялық материалдың сынамаларын алады. Ақмола және Павлодар облыстарынан келген ауру жануарларға зертханалық зерттеу нәтижелеріне сәйкес инфекциялық ринотрахеит орнатылды. Нәтижесінде, шектеу шаралары енгізіліп, қазір қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Зерттеулердің нәтижесінде парагрипп-3, нодулярлық дерматит, аусыл, контагиозды плевропневмония, пастереллез және вирустық диарея сияқты аурулар анықталмады. Жалпы, елімізде аусыл бойынша эпизоотиялық жағдай тұрақты.
Үлестік құрылыс проблемалары қалай шешіледі?
Экономика • Бүгін, 00:57
Үкімет • Бүгін, 00:49
БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды
Экономика • Бүгін, 00:34
Болашағымызға бейқам қарамайық
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік қойылым ЖИТС құрбандарына арналды
Аймақтар • Кеше
Қазақ сыныбы неге қағажу көре береді?
Білім • Кеше
Үш буынды модель: Тергеу сапасы мен жеделдігі артады
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Ағатай, жан қалтаңда құртың бар ма?»
Өнер • Кеше
Әдебиет • Кеше
Түрленген театрдың көрермені көбейді
Театр • Кеше
Иса ақынның сүйіншіге берген домбырасы
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Театр • Кеше
Өнер • Кеше
Үш өңірде қуаңшылық болады - Қазгидромет
Ауа райы • Кеше
Елорданың тағы бір көшесінде автобус жолағы пайда болады
Елорда • Кеше
Ереймен жеріндегі ежелгі нысандар
Руханият • Кеше
Журналистерге жүлде жауған күн
Қазақстан • Кеше
Бірнеше өңірде 44-45 градус ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай кең көлемді іс-шара ұйымдастырылады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Air Astana компаниясын IPO-ға шығару кейінге қалдырылды
Қазақстан • Кеше
Кен игерушілер пайдалы қазбаларды игеру салығынан босатылады
Қазақстан • Кеше
Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Кеше
Елорда тұрғынынан 40 келі есірткі заты табылды
Қоғам • Кеше
ҚазМұнайГаз акциялары AIX және KASE алаңында IPO-ға шығады
Қазақстан • Кеше
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Павлодар облысында қант зауыты іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Кеше
Алматы тұрғындарының саны өсті
Қоғам • Кеше
Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
ШҚО-да «BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыка фестивалі өтеді
Аймақтар • Кеше
Павлодарда емханалардың жұмыс тәртібі өзгереді
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар