Теннис • 27 Мамыр, 2022

Қазақстандық жас теннисші Ролан Гаррос турнирінде бақ сынады

525 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Аружан Сағындықова жастар арасында Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық жас теннисші Ролан Гаррос турнирінде бақ сынады

Аружан іріктеу сайыстарының жартылай финалында франциялық Офалья Буллаймен кездесті. Екі сағатқа созылған тартысты матчта қазақстандық теннисші 6:4, 5:7, 10:6 есебімен жеңіске жетті.

А.Сағындықова іріктеу сайыстарының финалында жапониялық Хая Киноситамен шеберлік байқасады. Іріктеу сайыстарының 6-ракеткасын жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады.

Тағы бір жас қазақстандық Максим Батютенко жергілікті ойыншы Томас Фурельге жол берді – 6:4, 4:6, 7:10.

Қазақстанның әйелдер арасындағы екінші, әлемнің 37-ракеткасы Юлия Путинцева үшінші айналымға өте алмады. Ол әлемнің 30-ракеткасы, италиялық Камила Джорджиден ұтылып қалды – 3:6, 5:7.

Ю.Путинцева жұптық сында да жарыс жолынан шығып қалды. Ол америкалық Даниэль Коллизбен бірге румыниялық Моника Никулеску – бельгиялық Элисон Ван Эйтванктан жеңілді – 6:3, 3:6, 1:6.



 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03