Референдум-2022 • 06 Маусым, 2022

Әділетті қоғам құрудың алғышарты

645 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін барша еліміздің, арайлы Алматымыздың аспаны шайдай ашық болды. Күн күлімдеп тұрды. Осыған қарап Алла тағаланың назары елімізге түсіп тұр екен-ау деп қуандық. Осындай әсермен референдум учаскесіне барып, өз дауысымды бердім.

Әділетті қоғам құрудың алғышарты

Президент атап өткендей, референдум сол өзгерістердің бастауы ғана. Пре­зиденттің айтқандарына сенім мен үміт арта отырып, еліміздегі өзгерістер үшін дауыс бердім. Бала-шағасының ертеңгі жарқын өмірін армандамайтын адам жоқ. Болашақ Қазақстанда, Жаңа Қазақстан­да, Әділетті Қазақстанда азаматтардың ешқай­сысы да назардан тыс қалмайды деген үміт зор. Мемлекетіміз бақуатты ел болсын деген армандар жетелеп кел­ді. Мен сол армандарым үшін дауыс бер­дім. Әрине, Конституцияға енгізілетін өзге­рістерге байланысты ұсыныстарым да бар. Алайда Президентіміз ұстанған бағыт-бағдарды қолдай отырып, әрі зор сенім­мен осы өзгерістердің барлығы да елдің жарқын болашағы үшін жүзеге асады деп ойлаймын. Осынау алмағайып заманда аз ғана халқымызға Алланың назары түзу болғай.

 

Смағұл ЕЛУБАЙ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы