Референдум-2022 • 06 Маусым, 2022

Үлкен өзгерістердің бастауы

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Референдумды өткізудің өзі үлкен өзгерістердің бастауы екендігіне еш күмәнім жоқ. Өйткені ұзақ жылдар бойы елімізде мұндай саяси науқан өткен емес. Орта есеппен қарасақ, 45 жасқа дейінгі азаматтар референдумға қатыспаған болатын.

Үлкен өзгерістердің бастауы

Жай ғана заңды Парламент қабыр­ғасында қабылдай салу мен оны халық­тың талқысына салудың айырмашылығы орасан зор. Түсінген адамға қоғам болып Конституцияға өзгеріс енгізуге ниеттену үлкен жаңалық екені белгілі. Жаңа Қазақстан дегенді жиі қолдана баста­дық. Өткенде Президент бір сөзінде бұл идея­ны сөзбұйдаға сала берудің қажет еместігін айтты. Жаңа Қазақстан деп айт­қанмен бізге ешкім басқа мемлекетті өзге планетадан әкеп бермейді.

Жаңа Қазақстан дегеніміз не? Ол әрқайсымыздың санамыздың жаңғыруы. Біз көзқарасымызды жаңаша бағытта өзгерткен кезде ғана жаңарамыз, жаң­ғырамыз. Ол отбасынан, білім беру мекемелерінен бастау алуы керек. Әді­летті Қазақстанды қалыптастыру үшін Президент қана емес, кез келгеніміз әділ болуға тиіспіз. Конституциялық реформаны қамтып отырған бұл референдумда сол әділетті қоғам құруға барлық қадам жасалып отыр. Соны барлығымыз жан жүрегімізбен түсінгеніміз абзал.

Ең бастысы, елімізде жаңаруға, жаң­ғыруға ниет зор екені белгілі болды. Сол себепті Жаңа Қазақстанды баршамыз бірлесе құруымыз керек. Саусақ бірікпей ине ілікпейтінін түсінетін кез келіп жетті.

 

Әли БЕКТАЕВ,

Сенат депутаты