Ұлттық құрылтай ғасырлар бойы Қазақстанның шексіз даласында қалыптасқан демократиялық бағыттың тарихи жалғасы болатыны сөзсіз. Себебі ықылым заманнан бері құрылтай тек қазақтардың ғана емес, көшпелі халықтардың оның ішінде түркі және моңғол тайпаларының өміріндегі қоғамдық құбылыс болды. Шын мәнісінде құрылтай – орта ғасырлардағы Еуропалық Парламенттің баламасы, халықтың өкілді органы.
Президенттің пікірінше, қазіргі құрылтай билік пен халық арасындағы өзара іс-қимылды күшейту үшін қоғамдық диалогтың бірыңғай институционалдық моделін қалыптастыруға тиіс.
Қоғам қайраткерлерінен, ғалымдардан, бизнес қоғамдастықтан, азаматтық қоғам және саяси партиялар мен ҚХА өкілдерінен құралған, сонымен қатар өңірлік Қоғамдық кеңес мүшелері кірген Ұлттық құрылтайдың қуатты құрамы ұзақмерзімді және аса маңызды мемлекеттік қоғамдық-саяси мәселелерді шешуге күш біріктіріп отырғанын атап өткен жөн.
Ұлттық құрылтай құру – бұл өте үлкен оқиға және оның алғашқы отырысын Ұлытауда өткізу Президенттің тарихи-идеологиялық тұрғыдағы ең қуатты қадамы.
Жалпы құрылтай идеясы түрлі деңгейдегі қазақстандық элитаны, солар арқылы бүкіл халықты біріктіруге бағытталған. Бұл саяси институт ғасырлар бойы сыналған және қазіргі жағдайда өзін-өзі басқару дың коммуникативті тетігі саналады. Ол бір жағынан билік пен халықты кері байланыспен қамтамасыз етеді, екінші жағынан азаматтарға ел басқару ісіне араласуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде бұл қазақстандықтардың өз-өзін тануы мен жауапкершілігін арттыруға негіз болады. Бұл тоқырауға қарсы тұру және дамуға бет бұру үшін қазіргі қоғамға аса қажет қадам.
Егер біз қоғамды нақты трансформациялау мен жаңғырту, патриотизмге тәрбиелеу мен жаңаша ойлауды қалыптастыру туралы айтатын болсақ, онда әлеуметтік лифт пен мемлекеттік қызметке қолжетімділікті арттыруға тиіспіз. Сонда жергілікті жерлерде ел болашағы үшін аянбайтын көшбасшылар шоғыры қалыптасады. Олар Қазақстанның игілігі мен мүддесі үшін тер төгеді.
Ұлттық құрылтай – саяси ғана емес, ел тағдырына ықпал ететін рухани құрал. Бізге, қазақстандықтарға тарихи мүмкіндікті мүлт жіберіп алмау қажет. Біздің ата-бабаларымыз жалпыхалықтық деңгейде талай рет тағдыршешті шешім қабылдаған. Біздің міндетіміз – олардың өсиетін орындау. Біз бабаларымыздан мұрасын сақтап, жаңа және жақсы дүние жасай алатынымызға сенемін.
Ермұхамет ЕРТІСБАЕВ,
Қазақстан Халық партиясының төрағасы