Конкурс іріктеп алу турынан және финалдан тұратын 2 кезеңнен, яғни мынадай төрт бағыт бойынша өрбіді: «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде»; «Экономикалық және әлеуметтік үдерістерді модельдеу»; «Салауатты қоршаған орта – «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру негізі»; «Еңбек жағдайларын жақсарту және оны қорғаудың өзекті мәселелері». Тақырыптың өзі айшықтағанындай, сайыстың мазмұны мен мәнісі де ерекшеленіп тұрды.
Сондықтан да байқауға қатысуға 57 өтінім түсті. Әрбір қатысушы газ тасымалдау технологияларын жетілдіру, жаңартылатын энергия көздерін қолданып сақтау, инженерлік экология, робот техникасы, бизнес-үдерістерді ұйымдастыру және басқару бойынша инновациялық бағыттағы идеялары мен жобаларын, әлеуметтік және өзге де көкейкесті міндеттердің шешімдерін ұсыныпты.
Білікті сараптау комиссиясы зерттеменің өзектілігін, жаңалығын, компания үшін маңыздылығын, ұсынылған шешімдерді енгізу перспективаларын, күтілетін экономикалық және әлеуметтік әсерін ескеріп, мәреге шыққан 36 жобаның ішінен жеңімпазды анықтады.
Майталмандардың арасынан үздіктерді таңдау қазылар алқасына оңайға соқпады. Дегенмен, байқаудың аты байқау емес пе, сөйтіп, оның нәтижелері шығарылды.
«Оңтүстік» магистралды газ құбыры басқармасы жабдықтау қызметінің маманы Ержан Маратұлы «Инвестициялардың ақпараттық жүйесін құру» және «ИОА» АҚ Инженерлік-техникалық орталығының тербеліс диагностикасы жөніндегі инженері Александр Ефремов «Технологиялық құбырлардың КДЖ диагностика жасау әдістерін жетілдіру» деген баяндамаларымен жеңіске жетті.
Бұдан басқа «Қоғамда проблемаларды шешудің инновациялық сипатын қалыптастыру» атты еңбегімен «Оңтүстік» магистралды газ құбыры басқармасы ЭХҚ инженері Азамат Кұлмұхамбетовтің жүзі жарқын болды.
«Орал» магистралды газ құбыры басқармасы ТК инженері Ахан Ешимов «Тікелей күн сәулесінің гибридтік оптикалық-талшықты жарық өткізгіштерін енгізу арқылы УСКУ іркіліссіз электр энергиясымен қамтамасыз ету» тақырыбына терең ізденісімен суырылып алға шықты.
Жүлдегерлердің бәріне бағалы сыйлықтар мен ақшалай сыйақылар берілді. Бірінші орын иегері компанияның қаражаты есебінен шетелде мамандығы бойынша біліктілігін арттыру мүмкіндігін алды.
Алқалы рәсімнің салтанатында қоғам басшылығы кәсіпорын экономикалық жағынан дамыған сайын инновациялардың маңызы арта түсіп, олардың бәсекеге қабілеттіліктің ерекше мәні бар құралына айналғанын атап көрсетті.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ өзінің 15 жылдық еңбек жолында орасан зор өндірістік жетістіктерге жетіп, бүгінгі күнде еліміздің мұнай-газ кешенінің ажырамас бөлігі ретінде Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуына, жалпыұлттық экономикамызға ауқымды үлесін қосып келеді. Осы бағытта Интергаз компаниясында қарқынды жұмыс істеліп жатыр, ал бүгінгі іс-шара оның нақты айғағы.
Мұндай ынталандырушы, сондай-ақ кәсіби деңгейі жоғары жұмыскерлерді даярлап, оларға қолдау көрсетуге бағытталған іс-шаралар жемісті болары сөзсіз. Кадрларды және оған деген қажеттілікті тұрақты талдау мен әлеуметтік мәселелерді үйлесімді шешу «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамына жүргізіп отырған қызметінің тиімділігін арттырып, тұтынушыларды табиғи газбен сенімді әрі іркіліссіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Компанияның кадрлық құрамына талдау жасағанда, қазіргі кезеңдегі ел экономикасының газ өндірісіндегі тасымалдау саласын білікті жұмысшы және инженерлік-техникалық кадрлармен, жоғары санаттағы мамандармен, басқарушы қызметкерлермен жеткілікті көлемде жинақталғанын анық көреміз.
Жалпысында, «Интергаз Орталық Азия» АҚ 1997 жылдың шілде айында құрылған. Компания өзінің концессиясына берілген Қазақстанның газ тасымалдау жүйесін тікелей басқарады және «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялары тобы құрамына кіреді. Компания елімізде жылдық өткізу қабілеті 190 млрд. текше метрге дейінгі, ұзындығы 14 мың километрден асатын тасымалдау газ құбырларының негізгі желісін бақылайды. Иә, осыншама орасан ауқымда әрекет ету үлкен жауапкершілік жүгін арқалауды жүктейді.
Марат АҚҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан».

Александр Бублик Мюнхендегі турнирдің алғашқы айналымында ұтылып қалды
Теннис • Бүгін, 14:59
iCloud пен Google Drive пайдаланушыларына қауіп төнді
Қоғам • Бүгін, 14:45
Мемлекеттік бағдарлама әлде ипотека: Үй алудың ең тиімді жолы қандай?
Қоғам • Бүгін, 14:33
Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан командалар анықталды
Спорт • Бүгін, 14:18
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Президент • Бүгін, 14:05
Бокстан Әлем кубогінде ел намысын кімдер қорғайды?
Бокс • Бүгін, 13:49
Қазақстанда кітап апталығы басталды: 1 500-ден астам іс-шара өтеді
Оқиға • Бүгін, 13:25
Мемлекет басшысы Есмұхан Обаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 13:03
Вице-президент қашан тағайындалады? Мәулен Әшімбаев жауап берді
Саясат • Бүгін, 13:00
Ұлыбританияға виза алу жеңілдеуі мүмкін
Оқиға • Бүгін, 12:53
Шымкентте агроөнеркәсіпті қолдауға бөлінген қаражат талан-таражға түскен
Заң • Бүгін, 12:35
Зейнетақы жинағын алу тәртібі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 12:25
Агенттік ескертеді: Жалған сақтандыру полистерін сататын алаяқтар көбейген
Қоғам • Бүгін, 12:13
Екі дзюдошымыз Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Спорт • Бүгін, 12:02
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Ресей өтемақы төлейтін болды
Қоғам • Бүгін, 11:58