Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Білім және ғылым министрлігінің филология ғылымы бағытындағы әдебиеттану мен фольклортану саласы бойынша «Қазіргі айтыстың интеграциялық сипаты» тақырыбындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер жобасының аясында шығарылған «Айтыстану» ғылыми еңбектер жинағының, сондай-ақ, белгілі айтыскер-ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтайдың «Ақын-жыраулар поэзиясы» (XV-XVIII ғ.ғ.), «Аманжол-Сара» атты кітаптары мен ақын Серікзат Дүйсенғазының «Қарашығымда көшкен бұлт» атты жыр жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.
Жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына, әдебиетші-ғалымдар мен жалпы әдебиет оқырмандарына арналған «Айтыстану» жинағына әдебиеттанушы ғалымдардың әр кезеңдердегі айтыс өнерін зерттеуге бағышталған еңбектері топтастырылыпты. «Айтыс өнерінің зерттелу тарихы» мен «Қазіргі айтыстың көкейкесті мәселелері» атты бөлімнен тұратын кітапқа айтыстанудың арнасын қалыптастырып берген М.Әуезов, С.Мұқанов, М.Ғабдуллин сынды көрнекті ғалымдарымыздың құнды мұраларынан бастап тәуелсіздік жылдарындағы қайта жаңғырған өнердің жаңаша сипаттарын, даму үрдістерін қарастырған әдебиет зерттеушілерінің мақалалары енгізілген.
Баспаға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ғылыми кеңесі шешімімен ұсынылып, жарық көрген Аманжол Әлтайдың «Ақын-жыраулар поэзиясы» атты оқулық кітабы жоғары оқу орындарының қазақ филологиясы, қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарының студенттеріне арналыпты. Оқулықта хандық дәуірдегі қазақ әдебиетінің даму сипаты тарихи-әлеуметтік, қоғамдық-саяси жағдайлармен сабақтастырыла қарастырылып, аталмыш дәуірде ұлттық поэзияның өркендеуінде маңызды рөл атқарған жыраулар мен ақындардың шығармашылық ерекшеліктері көркем мәтіндер негізінде талданған.
Айтыс сүйер қауымға арналған «Аманжол-Сара» атты жинаққа қазақтың қасиетті де бекзат өнері айтыстың алаш таныған айтулы қос дүлдүлі Аманжол Әлтай мен Сара Тоқтамысованың бірнеше айтысы сұрыпталып, топтастырылыпты. Сондай-ақ, мұнда белгілі ғалым-қаламгерлер мен өнер зерттеушілерінің сол жыр додалары туралы әркезде жарық көрген талдау-сараптама жазбалары да қоса беріліпті.
Белгілі айтыс ақыны Серікзат Дүйсенғазының «Қарашығымда көшкен бұлт» атты тұңғыш өлеңдер жинағына өмір, өнеге, адамгершілік, туған ел, махаббат, адамның ішкі жан дүниесінің сезім-сырлары мен табиғат құбылыстарын арқау еткен өлең топтамалары, Алла есімін, пайғамбарларды ұлықтаған мадақ жырлар, діни төрттағандар енген.
Басқосу барысында көрнекті ғалымдар Мырзатай Жолдасбеков, Сейіт Қасқабасов пен белгілі қаламгерлер Сұлтан Оразалин, Сауытбек Абдрахманов, Несіп Жүнісбайұлы сөз сөйлеп, айтыс өнерінің қалыптасу баспалдақтарына талдау жасап, кеңес заманындағы идеология саласындағы азаматтардың еңбегіне тоқталды және сол кездегі айтыс өнерінің қайта жандануын ризашылықпен атап өтті. Сондай-ақ, бұл өнердегі жыраулықтың ерекшелігі, айтыс өнерінің мән-маңызы, қалың көпшілікке ұсынылып отырылған кітаптар жөнінде де салиқалы пікірлер білдірілді.
Берік САДЫР,
«Егемен Қазақстан».
––––––––––––––
Суретті түсірген
Ерлан ОМАРОВ.

Александр Бублик Мюнхендегі турнирдің алғашқы айналымында ұтылып қалды
Теннис • Бүгін, 14:59
iCloud пен Google Drive пайдаланушыларына қауіп төнді
Қоғам • Бүгін, 14:45
Мемлекеттік бағдарлама әлде ипотека: Үй алудың ең тиімді жолы қандай?
Қоғам • Бүгін, 14:33
Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан командалар анықталды
Спорт • Бүгін, 14:18
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Президент • Бүгін, 14:05
Бокстан Әлем кубогінде ел намысын кімдер қорғайды?
Бокс • Бүгін, 13:49
Қазақстанда кітап апталығы басталды: 1 500-ден астам іс-шара өтеді
Оқиға • Бүгін, 13:25
Мемлекет басшысы Есмұхан Обаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 13:03
Вице-президент қашан тағайындалады? Мәулен Әшімбаев жауап берді
Саясат • Бүгін, 13:00
Ұлыбританияға виза алу жеңілдеуі мүмкін
Оқиға • Бүгін, 12:53
Шымкентте агроөнеркәсіпті қолдауға бөлінген қаражат талан-таражға түскен
Заң • Бүгін, 12:35
Зейнетақы жинағын алу тәртібі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 12:25
Агенттік ескертеді: Жалған сақтандыру полистерін сататын алаяқтар көбейген
Қоғам • Бүгін, 12:13
Екі дзюдошымыз Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Спорт • Бүгін, 12:02
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Ресей өтемақы төлейтін болды
Қоғам • Бүгін, 11:58