24 Сәуір, 2014

Жазасын өтеушілер жұмысқа орналасты

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Атыраудағы УГ-157/11 түзеу мекемесінде балық өңдеу цехы жұмыс істей бастады. Облыстық прокуратураның ықпал етуімен ашылған цехта әзірге 10 жазасын өтеуші жұмысқа орналас­тырылды. Мұнда жазасын өтеушілер қара балықтарды өңдеп, күніне 1000 дана балық құтысын шығарады. Дайын өнімдер еліміздегі түзеу мекемелеріне жөнелтіледі. Жақын арада өндірісті кеңейту арқылы жұмысшылар санын 30-ға дейін көбейту жоспарлануда. Қазіргі уақытта аталған мекемеде 230 сотталған әйел жазасын өтеуде, олар­дың 80-і ақылы жұмыспен қамтылған. Оның ішінде «Еңбек-Атырау» РМК-ның төсек жабдықтарын тігу және шығару цехын­да – 35, нан өнімдерін шығаратын ша­ғын цехта –5, ішкі жөндеу жұмыстарын­да келісімшартпен 19 сотталған адам жұмысқа тартылған. Сондай-ақ, осы түзеу мекемесінің аумағында 2013 жылдан бері «Эр-Три» ЖШС тігін цехы ашылып, 21 сотталушы жұмыспен қамтылды. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». Атырау облысы.