Қазақстан • 19 Маусым, 2022

Маңызды міндеттерді бірге атқара береміз

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл өз Жолдауында ел тағдырын айқындайтын кешенді реформаларды ұсынған еді.

Маңызды міндеттерді бірге атқара береміз

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл өз Жолдауында ел тағдырын айқындайтын кешенді реформаларды ұсынған еді. Соның бірі - Ұлттық құрылтай өткізу болатын. 16 маусым ел тарихында ұлт ордасы Ұлытауда тұңғыш рет құрылтай өтті. 

Құрылтай – баһадүр бабалардан келе жатқан аса маңызды шешім қабылдайтын ұлық жиын, дала демократиясының жарқын көрінісі. Жаңа заманда жаңғырып жатқан Ұлттық құрылтай Жаңа Қазақстанның баянды дамуына тың серпін берері сөзсіз. 

Себебі құрылтайдың ашық алаңында аға буыннан бастап жалынды жастарға дейін сөз ұстады, пікірін еркін жеткізді. «Түрлі көзқарастағы, бірақ біртұтас ұлт» осылай қалыптасады емес пе?  

Бүгін құрылтайда Мемлекет басшысы елдің стратегиялық өркендеуін көздейтін аса маңызды бірнеше шешім қабылдады. Олар ұлттық рухтың өрлеуіне, елдің кешенді дамуына ықпал етері анық.  

Ұлттық құрылтай құрамында AMANAT партиясының мүшелері аз емес. Біз, Мемлекет басшысының бастамалары төңірегіне топтасып, маңызды міндеттерді қашанда бірге атқара береміз.

Асхат Оралов,
Amanat партиясының атқарушы хатшысы