Қоғам • 23 Маусым, 2022

Сенат төрағасы қыздырылатын темекі өнімдеріне қатысты пікір білдірді

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қыздырылатын темекі өнімдеріне акциздерді енгізу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенат төрағасы қыздырылатын темекі өнімдеріне қатысты пікір білдірді

«Бұл мәселеде жосықсыз кәсіпкерлердің қыздырылатын темекі өнімдерін контрабандалық жолмен әкелуінің алдын алу аса маңызды. Әйтпесе, Ұлттық экономика министрлігі ұсынған іс-шаралар нәтиже бермейді. Сондықтан акциздерді көтеру саясатымен қатар контрабандаға қарсы күрес бойынша қатаң шаралар да қолға алынуы керек», деді Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысында.

Оның айтуынша, нақты нәтижеге қол жеткізу үшін акциздерді арттырып қана қоймай, контрабандамен де тиімді күресу қажет.

Аяна Тоғанбек