Аймақтар • 23 Маусым, 2022

Алматыда «Сергек» камераларының саны артады

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының Алмалы ауданында «Сергек» бейнекамераларының саны 1 069-ға дейін артады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда «Сергек» камераларының саны артады

Әкімнің айтуынша, шаһардың дамуында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті. Сол үшін қалада алдын алу шаралары қолға алынып жатыр.

«Биылғы жылдың соңына дейін ауданда «Сергек» камераларының санын 122-ге арттырып, 1 069 бірлікке дейін жеткізу жоспарлануда. Адамдардың жаппай жиналатын орындарға қосымша 541 бейнекамера, оның ішінде 200-і аулаларда, 118-і саябақ, алаңдарға және 223 қиылыстарға орнатылады. Бұл ретте айта кетейін, бұрын бюджет есебінен аулаларда камералар орнатылмаған болатын», деді Алматы әкімі.

Аяна Тоғанбек