Жақында белгілі суретші, режиссер, Қазақстан Суретшілер одағы мен Еуразия суретшілер одағының мүшесі, Көркемсурет академиясының академигі және аталған академияның бірінші вице-президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанұзақ Мүсәпір әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің Дамаск қаласындағы музейіне барып, ұлы ғалымның өмір жолын қылқалам күшімен айшықты бейнелеген кең көлемдегі «Балалықтан даналыққа жол» атты бес бөлімнен тұратын туындысын тарту етті.

Осыдан екі жыл бұрын елімізде ғұлама ғалымның 1150 жылдық мерейтойы мемлекеттік деңгейде аталып өтілді. Соның аясында тұғырлы тұлғаның еңбектері қайта басылып, ғылыми конференциялар мен жобалар, түрлі іс-шара ұйымдастырылды. Талантты суретшінің айтулы еңбегі де осы мазмұнды шаралардың жалғасы деуге болады.
– Жалпы, бұл идея маған осыдан жеті жыл бұрын келді, – деп бастады сөзін Жанұзақ ағамыз. – Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов «Абай жолы» эпопеясында Абай атамыздың өмір жолын ғана емес, халқымыздың болмысы, тұрмысы, бай этнографиясы көркем суреттелген. «Болмасаң да ұқсап бақ» демекші, мен де Әл-Фараби бабамыздың Отырардан заманында білім мен ғылымның ордасы болған Самарқан, Бұхара, Бағдат, Мерв, Каир секілді шаһарларынан бастап, ақырғы демі үзілген Дамаскіге дейін жүріп өткен жолын бейнелі бояу түсімен жеткізуді ойладым. Портрет деген бір адамның бейнесі болса, мен бұған ғалымның барлық өмірін сыйдыруға күш салдым. Алғашында оны «Әл-Фараби жолы» деп атағам, кейін оған ғалымның өмір жолы балалықтан даналыққа жалғасқандығын көріп, «Балалықтан даналыққа жол» деп қойдым, – деді суретші.
Бес бөлімнен тұратын көлемді картинаның бірінші бөлімінде ұлы бабамыздың балалық шағы, туған жері – Отырар қаласының сол уақыттағы көркем келбеті бейнелі шыққан. Терезе алдында кітапқа үңіліп отырған он жастағы зерделі баланың жүзінен болашақ ұлы ғалымның ойлы бейнесін көресіз. Оның маңайында ұшып жүрген көгершіндерден бейбіт өмірдің сазын сезінесіз. Арғы жағынан асық ойнап жатқан балалар мен алтыбақан тепкен құрбыларының дауысы құлағыңызға келгендей болады. Бір бүйірде түйе сауып жатқан апалардың сұлбасы ағараңдайды. Қысқасы, айтулы тұлғаның балалық шағы арқылы қазақ жері де өркениеттің алтын бесігі болғандығын суретші астармен көркем жеткізе білген. Ал екінші, үшінші, төртінші бөлімдерден – ғұлама ғалымның туған жерінен ұзап, керуенмен алыс сапарға аттанған көрінісін көресіз. Мұнда ұлы адамның жолы түсіп, білім алған Ташкент, Самарқан, Бұхара, Каир, Мысыр, Бағдат және т.б. шаһарлардың айшықты бейнесі сол дәуір көрінісімен жарасымды бедерленген. Самарқандағы Ұлықбек обсерваториясы да көзге бірден шалынды. Әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фараби Ұлықбектен екі ғасыр бұрын өмір сүрді. Сондықтан ғалымдар Самарқандағы білім мен ғылымның қалыптасуына Әл-Фарабидің үлесі зор деп айтады. Әлемнің 70-ке жуық тілінде еркін сөйлеген философтың өмір жолында аталған шаһарлардың әрқайсының орны үлкен. Мәселен, ол Бағдатта 20 жыл тұрып, «Қайырымды қала тұрғындары» трактатын жазды. Сондай-ақ суретші еңбегіндегі 11 түйелі керуен – 1100 деген сан болса, түйенің ботасы 50 дегенді білдіреді. Соңғы бесінші бөлімде философ ғалымның Дамаскіге шаһардың шығыс жақ есігінен кіріп келе жатқан сәті суреттелген. Қала тұрғындары мен ғұламалардың бәрі жиналып, әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фарабиді қарсы алып тұр. Олардың бірі қолына глобус ұстаса, енді бірі қалам ұстап, ұлы ғалыммен кездесуді күтіп тұрғанын байқайсыз.
Жалпы, біз сөз етіп отырған туындылармен көзіқарақты қауым таныс деп ойлаймыз. Былтыр Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы музейде және астанадағы Ұлттық музейде қылқалам шеберінің жеке көрмесі өткенде, бұл картиналар жұртшылық назарына ұсынылды.
– Осы іргелі еңбегімді аяқтағаннан кейін оны Дамаскідегі Әл-Фараби музейіне еліміздің және өз атымнан сыйласам деп ойладым. Содан Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіге хат жаздым. Ол кісі оны бірден қолдады. Сөйтіп, Дамаскіге жолымыз түсті. Сонау ерте заманнан өркениеттің орталығы болған әлем астаналарының алғашқысы Эш-Шам бүгінде Дамаск шаҺары умаяттардың мешіттері көп орналасқан сұлулығына көз тоймайтын қала. Тар көшелерінің тас төселген жолдары ерте заманды еске түсіреді. Көне шаһардағы ұлы ғалым музейін Қазақстан салған. Мұражайдан бабамыздың зираты да алыс емес. Музейдің жалпы көлемі 6000 шаршы метрге жақын. Ішінде Қазақ елінің тарихы және шығыс философының өмір жолы, тақуалық мағыналарға толы шығармалары мен трактаттары сақталған. Сонымен бірге суретші Ағымсалы Дүзелхановтың ұлы тұлғаның бейнесін келістіріп салған портреті ілініпті. Ал менің туындыларым музейдің бірінші қабатына қойылды. Қазір музейде үш қызметкер бар екен. Меңгерушісі, ғалым, профессор. Бізді жылы қарсы алып, құрмет көрсетті. Қала тарихын баяндап берді. Жол сапардан үлкен әсер алдым. Ол туралы арнайы жазамын. Осы сапарыма қолдау көрсеткен барлық азаматқа алғысымды айтамын», – деді Жанұзақ Керімбекұлы.
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
72 жастағы қария Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүрген
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Жеті жасар қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің әлем чемпионы атанды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар