Қоғам • 30 Маусым, 2022

Мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық көрсетіледі

811 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында «Қазақстан Халық партиясы» депутаттық фрак­ция­сының дөңгелек үстелінде мүгедектігі бар балаларды және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды құқықтық және әлеуметтік қорғау­дың өзекті мәселелері қаралды.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық көрсетіледі

Отырысқа Мәжіліс депутаттары, министрліктердің жауапты қызметкерлері және республиканың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Отырыстың күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз сөйлеушілер мемлекет­тің басты міндеттерінің бірі мүгедектігі бар адамдар­­дың әлеуметтік ықпалдасуын, тең құқықтары мен мүм­кіндіктерінің болуын қам­тамасыз ету болып табылатынын атап өтті. Елі­мізде мүмкіндігі шек­теулі адамдарды, соның ішінде балаларды қорғау жөнінде заңнамалық негіз, нормативтік актілер бар. Бұл маңызды мәселеде мем­лекеттік органдар, жұрт­шылық, үкіметтік емес ұйым­дар бірлесе жұмыс ат­қаруда. Мүгедектігі бар бала­ларға, мүгедек баласы бар отбасыларға тиісті көмек көрсетіліп жатқанын және болашақта жәрдем ету қажеттігі туралы айтылды.

Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Респуб­ликасының Үкіметіне дөң­гелек үстелде көтерілген Қазақ­­стандағы мүгедек бала­лардың құқықтарын қор­ғау проблемаларына қатыс­ты мәселелер бойынша ұсы­нымдар жолданды.