Қоғам • 30 Маусым, 2022

Мүлік кепілін бес минутта шешуге болады

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Отбасы банкімен» бірлесіп Blockchain технологиясының көмегімен мүлік кепілін шешу бойынша жобаны енгізді.

Мүлік кепілін бес минутта шешуге болады

Көбінесе қазақстандықтар банктен несиені өз мүлкін кепілге қою арқылы алады. Несие өтелгеннен кейін ке­пілде тұрған мүліктен ауырт­палықтарды алып тастауы керек. Бұрын бұл қызмет ХҚО-да офлайн режімде ғана көр­сетілетін. Клиент алдымен банк­тен анықтама алып, содан кейін халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінетін. Қыз­мет көрсету мерзімі үш жұмыс күнін құрады. Қазір жоба арқылы бұл процесс жеңілдеді. Енді құжаттар жинап, оларды ХҚО-ға апарудың қажеті жоқ. Барлығы онлайн режімде жасалады, ал кепіл құқығын бес минут ішінде шешуге болады!

Айта кетейік, мүлік ке­пілін тоқтату қызметі қазақ­стан­дық­тар арасында сұ­ра­ныс­қа ие қыз­­меттердің бірі. Бес ай ішінде ЕДБ-ның 126 523 ке­пілі шешілді. Жа­қын арада қыз­метті басқа банк­тер­дің клиенттері де пайдалана алады. Бұл мемлекеттік кор­пора­цияның ЕДБ-мен және Blockchain технологиясын қол­дану бойынша алғашқы бір­лес­кен жобасы емес. 2021 жыл­дың күзінде «Цифрлы ипо­тека» іске қосылды, ал 2022 жыл­дың мау­сым айының ба­сында жалға бе­рілетін тұр­ғын үйді онлайн ре­сімдеу мүм­кін­дігі пайда болды.