Аймақтар • 01 Шілде, 2022

Ауылдағы дауыл

492 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Апат айтып келмейді. Алматы облысына қарасты Балқаш ауданы Бақбақты ауылында қатты дауыл тұрып, бірнеше тұрғын үйге залал келтірді. Бұрқасын боран мыңға жуық оқушыны тәрбиелеп отырған мектептің шатырын жұлып әкетіпті. Қазір апаттан келген шығынды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ауылдағы дауыл

Айдың күннің аманында орын алған табиғи қауіп-қа­тер­ден ауыл тұрғындары әлі ес жияр емес. Бәрі бірлесіп, дауыл­дан зар­­дап шеккен отбасыларына хәл-қа­дерінше көмектесіп жа­тыр.

«Табиғи апаттың қашан келетінін тап басып айту қиын. Ауыл мектебінің шатырын алай-түлей жел стадионға дейін сүй­реп әкеткен. Одан бөлек 2-3 тұр­ғын үйдің төбесінің шифры көшені жауып қалған. Қуанышқа орай, зардап шеккен ешкім жоқ. Құлаған ағаштардан көшені тазартып жатырмын», дейді ауыл әкімі Айдархан Мырзақасым.

Өкінішке қарай, заң аясында жекеменшік үйлерге мемлекет тарапынан ешқандай көмек көр­сетілмейді. Кеткен шығынды үй иелері өздері көтереді. Аудан­дық төтенше жағдайлар бөлі­мі­нің басшысы Ерсін Жағыпаров жа­қында арнайы комиссия құры­латынын айтты.

«Болған оқиғаға байланысты аудан әкімі арнайы ко­миссия құрып, келген шы­ғын­ды есептейді. Акт жасалып, облыс орталығына жі­бе­ріледі. Әйтсе де, тұрғын үй­лер­ге көмектесеміз деп айта ал­маймыз. Ол мәселе заңда қарас­тырылмаған. Тек ауыл­дық білім мекемесін қайта қал­пына келуіне жәрдемдесе ала­­мыз», дейді Е.Жағыпаров.

Соңғы жаңалықтар

Абай облысында тазалық акциясы басталды

«Таза Қазақстан» • 05 Сәуір, 2025

Үш айда 7 145 жұмысшының құқығы қорғалды

Жұмысшы мамандықтар жылы • 05 Сәуір, 2025

1650 адам қала тазартуға қатысты

«Таза Қазақстан» • 05 Сәуір, 2025

«Жеміс»

Мың бір мысал • 05 Сәуір, 2025

Дәм сезбейтін аспаз

Ғалам ғажаптары • 05 Сәуір, 2025

«Мода дегеніміз...»

Сатира • 05 Сәуір, 2025

Тікелей әуе рейсі ашылады

Саясат • 05 Сәуір, 2025

Отбасына тиімді карта

Қоғам • 05 Сәуір, 2025

Көлікті сақтандыру қымбатқа түседі

Заң мен Тәртіп • 05 Сәуір, 2025

Жеңіс тарихы ұмытылмайды

Өшпес даңқ • 05 Сәуір, 2025

Торғайды түлететін төте жол

Экономика • 05 Сәуір, 2025