Аймақтар • 05 Шілде, 2022

ШҚО-да заңсыз қару сақтаған тұрғын анықталды

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ШҚО ПД жедел бөлімшесінің қызметкерлері Алтай ауданының жергілікті тұрғыны қару-жарақ пен оқ-дәрілерді құқық қорғау органдарының тиісті рұқсатынсыз сақтағанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да заңсыз қару сақтаған тұрғын анықталды

Сараптама көрсеткендей, құқық қорғаушылар тәркілеген заттар: тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, 12 калибрлі 17 дана патрондар табылды. Барлығы да пайдалануға жарамды.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 482-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Тәртіп сақшылары қаруды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, алып жүру, тасымалдау қаруды тәркілей отырып, айыппұл салуға әкеп соғатынын еске салады. Қаруды өз еркімен тапсырған тұлға әкімшілік және қылмыстық жазадан құтылып қана қоймай, сонымен бірге ол үшін ақшалай төлемдер де алады.