Қоғам • 19 Шілде, 2022

Алматыда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан бойынша «Елімай-2019» тұтыну кооперативі түріндегі қаржы пирамидасы заңсыз қызмет атқарғаны анықталды. Жәбірленушілер 1,5 млрд теңге көлемінде шығынға батты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

«Алматы облысының прокурорлары «Елімай-2019» тұтыну кооперативінің басшыларына қатысты қаржы пирамидасын құру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі сотқа жолдады», делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Тергеу барысында «Елімай-2019» ӨК басшылары тұрғын үй немесе автокөлік сатып алу үшін пайызсыз қарыз бергені үшін қаржы пирамидасының қызметіне еліміздің 12 өңірінен жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеге екі мыңнан астам жәбірленушінің ақшалай қаражатын заңсыз тартқаны анықталды.

Қылмыстық іс аясында күдіктілер мен олардың туыстарына тиесілі 15 жер учаскесі, 5 тұрғын үй және 5 автомашина тәркіленді, олардың бағалау құны 145 млн теңгені құрады. Сондай-ақ банктегі 85 млн теңге сомасындағы ақша қаражаты да тәркіленді.